- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 529
Классикалық гитара музыкасы саздылығымен, нәзіктілігімен және жан-дүниеңді баурап алатын сезімге толы әуезділігімен ерекшеленеді.
Құлақтан кіріп, бойды алатын сазды әуеннің эмоцияңызға қалай әсер ететінін байқаған боларсыз, кейде ол классикалық шығарманың ноталарындай не рок жанрындай құйылады. Музыка біздің сезімімізді сөзге қарағанда дәл жеткізе біледі.
Назарларыңызға гитарист-аспапшы Әлібек Ахмалишевтің «My melody» шағын концертінен шығармалар ұсынамыз.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 566
Би мен музыканың үйлесім тауып, бір арнаға құйылуының арқасында туындаған керемет туынды .
Бүкіл әлем бір биге сыйғызылып, дуэтте бейнеленген.
«Гәкку» би ансамблінің әртісі Жүкен Айдана мен «Мюзикл» театралдық студиясының әртісі Ташимов Асылбектің орындауында терең эмоциялық мағынаға толы таңғажайып би.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 560
Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
Назарларыңызға «Музыкалық кофехана» жобасы аясында 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне арналған дәріс-концертті ұсынамыз.
Дәрісші-музыкатанушы Юлия Никитенко.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 698
Ана – кез-келген сәбидің бал тілінде ең алғаш айтылатын, мағынасы зор, құдіретті, әдемі сөз.
Өмірге ұрпақ әкеліп, отбасының береке-бірлігінің ұйытқысы болатын, одан асса, ауыл-ел ынтымағының жарасуына ықпал жасайтын асыл жан.
Ал бір афоризмде «Ана - махаббат сөзінің синонимі» деп көрсетілген.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 690
Бүгін Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 74-ші концерттік маусым аясында алғашқы OFFLINE-концерт өтті.
Алғыс айту күніне орай өткізілген концерт бойы өзінің жылуы мен қошеметтерін сыйлаған біздің құрметті көрермендермен көптен күткен кездесу өтті.
Біздің қуанышымызда шек жоқ!
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 725
Қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктеткен, Қазақстанның музыка мәдениетінде аты аңызға айналған әйгілі күйшілердің бірі - Дина Нұрпейісова. Құрманғазының батасын алып, домбыра тартудың қыр-сырын меңгерген, «Домбыраның Жамбылы» атанған, он саусағынан бал тамған күйші қыз өмірінің соңына дейін қасиетті қара домбырасынан қол жазбаған. Күйшінің домбыра техникасын теңдессіз меңгеріп, қос қолмен бірдей домбыра шертудегі шеберлігін көргендер таң қалып, таңдай қаққан. Ал Дина Нұрпейісованың шығарған күйлері қазақ домбыра музыкасының классикасына айналды.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 406
Жақсы дикция әр адамның өмірінде маңызды.
Ауызекі сөйлеу кезінде де, кәсіби салада да тиімді қарым-қатынас жасау үшін сауатты, әдемі сөйлей білу көптеген нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асады.
Дұрыс, сауатты сөйлей білу ауызекі тіл, іскерлік қарым-қатынас және жазу деңгейін арттыруға көмектеседі.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 1167
Би өнеріне құмар, барлық әуесқойлары үшін Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы «Заманауи би негіздері» бейне-сабақтар топтамасын ашады. Бейне-сабақтарды «Гәкку» би ансамблі өткізеді, жетекшісі Гүлмира Ордабаева.
Көрермендер назарына «Заманауи би негіздері» бейне-сабақтарының 1 шығарылымын ұсынамыз. Бұл бейне-сабақтар топтамасы сіздерге осы стильмен толығырақ танысуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 136 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр









