14 маусым күні сағат 19:00-де Ақмола облысының Орыс драма театрының көрермендер залында «Айнакөл» фольклорлық ансамблі, «Гәкку» би ансамблі мен дәстүрлі әншілердің   қатысуымен «Даламның сырлы саздары» атты концерт  өтті. Кешті  дәстүрлі әнші Сәрсенбай Хасенов жүргізеді.

Концерттік бағдарлама халық композиторларының шығармаларынан тұрды. Ансамбльдің көне музыкалық аспаптарынан  төгілген    әдемі әрі жанды сазды әуен бойды балқытып, жүректі тербеп, жанды тыныштандырып, үндестік табуға ықпал етті. Сонымен қатар бүгінгі концерт-дәріс барысында филармония әншілері: Мәдениет  қайраткерлері Мереке Бекмағамбетов пен Жанат Есовтың, халықаралық байқаулардың лауреаттары: Эльмира  Төлеубаева, Шыңғыс Сәрсенбай, Төлеген Аманов, Сәрсенбай Хасеновтың орындауында  көрермендер тамылжыған әндерді тыңдай алды. Филармонияның бетке ұстар ұжымдарының бірі «Гәкку» би ансамблі де  өз өнерін ортаға салып, «Сыйлық», «Биші қайың» билерін көрермендеріне тарту етті.

Онлайн кім

Қазір 68 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр