АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ

КОНЦЕРТТЕРІНЕ КЕЛУ ЕРЕЖЕСІ

 

1. Сіз билетті сатып алу арқылы осы ережелермен келісесіз. Ереже тыңдаушылардың концерттерге кіру тәртібін, тыңдаушылардың жүріс-тұрысын, сонымен қатар Ақмола облыстық филармониясы аумағында (Көкшетау қ. Абай көшесі 160) кино-, фото- және бейнетүсірілім жұмыстарын жүргізу тәртібін анықтайды.

2. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу, сонымен қатар осы Ережелердің сақталуын қамтамасыз ету «Галион» ЖШС және концерттік бөлімнің әкімшілігіне жүктеледі.

3. Тыңдаушылар филармония ғимаратына орталық есік арқылы кіреді. Концерттің басталу уақыты билетте көрсетілген. Концерттік алаңға концерт басталардан бұрын ертерек келу ұсынылады.

4. Концертке қару (суық қару, газдалған қару, газдалған баллончиктар); есірткілер мен оларды қолдануға арналған құралдарды; сынғыш, адамның денесіне кіретін, тілетін, жарақаттайтын заттарды кіргізуге тыйым салынады. Жоғарыда санамаланған заттармен келген келушілер ғимаратқа кіргізілмейді.

5. Мас, есірткі мен уландырғыш заттарға елтіген, өзін-өзі ұстай алмай, озбырлық көрсетіп тұрған немесе басқа келушілерге кедергі келтіріп тұрған тыңдармандар концертке кіргізілмейді.

6. Концерттік бөлімнің әкімшілері мен бақылаушылары концертті ұйымдастыру мен өткізуді бақылауды жүзеге асырады, оларға барлық туындаған мәселелер бойынша жүгінуге болады. Сонымен қатар концерттік бөлімнің әкімшілеріне 29-37-30 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыздар.

7. Филармония бағдарламаларды немесе орындаушылардың құрамын өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Концертке билет сатып алғаннан кейін оны өткізуге қатысты өзертулерден (оның бөлігі, бағдарлама, қатысушылардың құрамы, концерт күнінің өзгертілуі туралы) хабардар болу үшін барамын деп шешкен концерттің концерттік бағдарламасы туралы ақпараттарды қадағалап отырыңыз.

8. Концертке кіру арнайы орындардан немес интернет арқылы сатып алынған белгіленген үлгідегі билеттер бойынша билетте көрсетілген күні мен уақытында қатаң түрде жүргізіледі.

9. Билетті интернет арқылы сатып алған жағдайда, тыңдаушы филармония кассасынан билеттің түпнұсқасын жеке басын куәландыратын құжатын көрсетіп алуға міндетті.

10. Билетті концерт аяқталғанға дейін сақтау қажет және концерт залының қызметкері талап етісімен көрсету қажет.

11. Билетте концертке келушінің жас ерекшелігі есепке алынбайды, бір билет бір тұлға үшін ғана жарамды.

12. Кешкі концерттерге 6 жасқа дейінгі балалар жіберілмейді. Күндізгі балаларға арналған концерттерге 3 жастан бастап кіргізіледі. Жеке билеті болған жағдайда ғана балалар залға кіргізіледі.

13. Билеттің иесі сатып алған билетіне сәйкес өз орнына отыруға міндетті.

14. Орындары көрсетілмеген кіруге арналған билеттері бар тыңдаушылар үшінші қоңыраудан кейін, бақылаушының шақыруымен залға кіруге құқылы.

15. Концерт залының есігі концерт басталуға 15 минут қалғанда ашылады.

16. Буфет бірінші қабатта орналасқан. Үзілістен кейін филармония буфеті жабылады.

17. Дәретханалар бірінші қабатта орналасқан.

18. Филармония ғимаратының ішінде темекі шегуге тыйым салынады. Темекі шегуге арналған орын далада, арнайы тағайындалған жерде.

19. Үзілістен кейін филармония ғимаратына кіру билеттерін көрсетіп кіру арқылы жүзеге асырылады.

20. Залға сыртқы киіммен, ірі габаритті заттармен, сусындармен, азық-түлікпен, пиротехникалық құралдармен кіруге тыйым салынады. Тыңдаушылардың сыртқы киімдері мен ірі габаритті заттары гардеробқа тапсырылуы қажет (бір нөмірге бір киімнен артық емес). Филармония әкімшілігі гардеробқа тапсырылмаған келушілердің жеке заттары концерт кезінде жоғалып кетсе, оған жауап бермейді.

21. Концертке келген тыңдаушыларға филармонияның концерттік бөлім әкімшілерінің ресми рұқсатын алмай кез-келген фото-, аудио- және бейнеаппаратураларды пайдалануға тыйым салынады.

22. Осы талаптарға бойсұнбаған тыңдаушылар билет құнының өтемақысыз концерт залынан шығарылып жіберілуі мүмкін.

23. Тыңдаушылар өздерінің ұялы байланыс құралдарын (телефондарын) 3 қоңыраудан кейін концерт бойы сөндіріп тастауға міндетті.

24. Шығарма орындалып жатқан кезде орнынан тұруға, сөйлесуге, қалған тыңдаушыларға кедергі жасауға тыйым салынады. Тыңдаушымен залдағы өзін-өзі ұстау құқығы бұзылған кезде әкімші тыңдаушыны залдан шығарып жіберуге құқы бар және билет құны қайтарылмайды.

25. Концертке кешігіп қалған тыңдаушы билетпен вестибюльге, концерт аяқталғанға дейін кез-келген уақытта филармония буфеті мен дәретханаларына өте алады, ал фойеге бақылаушының шақыруымен, залға үзіліс кезінде немесе бақылаушының шақыруымен кіре алады. Концертке кешігіп қалған тыңдаушының билеті кейін қайтарылып алынбайды.

26. Концертке келу арқылы сіз барлық фото-, бейне- және кинотүсірілімдеріне өзіңізді түсіруге және филармонияның бұл материалдарын көпшілік алдында жариялауға рұқсат бересіз.

27. Тыңдаушылар ғимараттың көрермендерге арналған бөлігінде ғана болуға құқы бар. Филармонияның көрермендер бөлігінен әртістер бөлігін бөліп тұрған есіктер концерттер өткізу кезінде жабылады.

28. Тыңдаушылар жалпы қабылданған қоғамдық орындардағы өзін-өзі ұстау ережесін, санитарлық және өртке қарсы ережелерді сақтауға міндетті. Төтенше жағдайлар туындаған кезде ұйымшылдықпен қауіпті аймақтан кетулері қажет. Эвакуация сызбалары 1 және 2 қабаттағы орталық баспалдақ маңында орналастырылған.

29. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі қорабы концерттік бөлімнің әкімшілерінде.

30. Филармония ғимаратында жоғалтып алған заттарыңыз бойынша концерттік бөлімнің әкімшілеріне немесе 29-37-30 телефон нөміріне хабарласа аласыздар.

31. Белгіленген ережелерді бұзған тұлғалар филармония ғимаратынан билет құны қайтарылмай шығарылып жіберілуі мүмкін.

Онлайн кім

Қазір 50 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр