Концерт Ләззат Едрисованың орындауында халық әні «Ахау керіммен» ашылады. Концерттік бағдарламаға эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі, «Айнакөл» фольклорлық ансамблі, «Гәкку» би ансамблі мен камералық хор қатысты. Кеш барысында Ләззат Едрисованың үзеңгілес әріптестері: Марина Зяблинцева, Серікболсын Бекмолдин, Дмитрий Петюль, Алибек Ахмалишев, Жұмабике Омарова, Айгерім Шалқарова мерейтой иесін құттықтап, бірге өнер көрсетті.
Анасының жолын қуған Мадина Едрисова анасымен бірге Фред Эбб, Джон Кандердің «Весь этот джаз» шығармасын орындаса, ізбасар оқушысы Азиза Зайнидинова әншімен бірге А.Пиппердің «Мы танцуем джаз» шығармасын шырқады. Өнер жолында жүрген сіңлісін құттықтап, Ғалия Минайдарова да Ләззатпен қосыла А.Зацепинның «Весений вальс» шығармасын орындады. Кеш «Тәуелсіздік жырымен» аяқталды.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/692-s-pesnej-v-unison.html#sigProId6fbac04e38