- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 836
Бір сиқырлы таяққа бағынып, бір үнмен қоздаған К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті өтті! Таңғажайып ұлы музыканың сиқырлы сазынан құдіретті ештеңе жоқ. Солистен оркестрге дейін...Көрермендер назарына оркестріндегі әрқайсысының дара әртіс, нағыз өнер майталманы екенінің дәлелі болып табылатын бағдарлама ұсынылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 772
2 сәуір күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында дирижер "Мәдениет қайраткері" Ерназар Уразалинның жетекшілік етуімен "Мелодии прошлых лет" атты эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің концерті өтті. Концерт көрермендердің алғысы мен қошеметіне бөленіп, жоғары деңгейде өтті.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 936
31 наурыз күні сағат 1900 Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында күйші, Қазақ КСР-ның халық әртісі Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің «Әсем қоңыр» атты концерті өтті.
Құрманғазыдай дәулескер күйшіден тәлім алған, «Домбыраның Жамбылы» атанған Дина Нұрпейісова өз заманында күмбірлеген күйімен көпшілікті аузына қаратқан. Домбыра тартудың қыр-сырын жетік меңгерген, он саусағынан бал тамған күйші өмірінің соңына дейін қасиетті қара домбырасынан қол жазбаған. Күй анасы атанған Дина Нұрпейісованың қос қолмен бірдей домбыра шертудегі өзіндік мәнеріне куә болғандар оның домбырада ойнау шеберлігіне жоғары баға беріп, ойнау техникасын таңдана тамашалаған.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 666
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының солист-аспапшысы Дмитрий Петюль көктемнің көрікті мерекесіне орай Сіздерге арнап «Наурыз-Sax» атты кавер сериясын дайындады.
Бүгінгі шығарылымда
Н. Алимжанов "Ақ құсым".
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 975
Наурыз - көктем мерекесі, күн мен түннің теңеліп, табиғаттың жаңарып, жасаратын, жаңа жыл мен жаңа өмір бастау алатын кез.
Қысқы ұйқыдан оянған табиғатпен бірге тіршілік атаулы да түлеп, жанданады, осы кезде күлімдеген күннің шуағынан нәр алған жүрегің ән салып, көңілің әдемі биді қалап тұрады.
Құрметті көрермендер, Сіздер үшін «Гәкку» би ансамблінің негізгі құрамы мен кіші және ортаншы топтары шуақты көктемнің шырайлы мерекесі - Наурыз мейрамына орай «Наурыз думан» атты хореографиялық қойылымын дайындады.
Жетекшісі Гүлмира Ордабаева.
Қабыл алыңыздар!
Наурыз құтты болсын!
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 688
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облысы филармониясының «Мәңгілік елдің мәртебелі Наурызы!» атты мерекелік концерті.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 728
2021 жылғы 17 наурыз күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында жаңару мен жасампаздықтың бастауы «Әз Наурыз - ән Наурыз!» мейрамына арналған іс-шара өтті.
Бұл театрландырылған мерекелік қойылым солистердің қатысуымен филармония ғимаратының алдындағы алаңда орнатылған киіз үй мен алтыбақанның қасында басталды. Алтыбақан тебуге жиналған жастар, күліп-ойнап, әсем әндерімен даланы жаңғыртты. Ақан серінің «Ләйлім шырақ», Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» әндеріне қоса, «Сәулем-ай», «Аққурай», «Әдемі қыз» сынды халық әндері де шарықтата шырқалды.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 817
2021 жылдың 14 наурыз күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Көрісу күніне арналған «Наурызым-нұрлы ырысым» атты концерт өтті.
Бұл мереке барысында халық бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтап, үлкендерге құрмет көрсетіп, жақындарына жүрекжарды ізгі тілектерін білдіріп, амандық сұрасады.
Концерт филармония фойесінде өтті. Көрермендерге көтеріңкі мерекелік көңіл-күй сыйлайтын, жарқын концерттік бағдарлама ұсынылды.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 78 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр









