Жайнаған көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурыз - сыйлықтар мен игі істердің кезі. Тіршіліктің оянып, табиғаттың жаңарған, жасарған маусымы, гүл көктемнің шешек атқан, бүр жарған өмір мерекесі, көңіл мерекесіне арналған салтанатты іс-шараның соңында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы көрермендерге тосын сый істеп, әдемі концерт берді. Бағдарлама арнайы эффектілерге толы болды.

«Көкшетау» мәдениет сарайына жиналған көпшілік кәсіби әншілер мен музыканттардың орындауындағы сырлы музыкадан ләззат алып, ән мен жырға, әсем биге толы бағдарламаның өзіндік ерекшелігі мен қанықтылығына дән риза болды.

Подробнее...  

24 ақпан күні сағат 17.00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Қарағанды облыстық филармониясының дирижері Петр Грибановтың қатысуымен симфониялық оркестрдің концерті өтті.

1996 жылы Петр Александрович Краснояр академиялық симфониялық оркестрінің бас дирижері болып тағайындалды, сонымен қатар Қарағанды симфониялық оркестріндегі бас дирижер қызметін де қатар атқарды. 1998 жылы Санкт-Петербург қаласының Конгресс-оркестрінде бас дирижер болды. Ал 2006 жылдан бастап қазіргі таңға дейін қайтадан Қарағанды симфониялық оркестрін басқарып келеді.

Подробнее...  

14 ақпан күні сағат 19.00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы Павлодар қаласының талғампаз көрермендерін симфониялық оркестрдің «Классикадан қазіргі заманға дейін» атты концертіне шақырды. Бұл кеште көпшіліктің сүйіп тыңдайтын, музыка өнерінің шыңына шыққан композициялар орындалды. Әлем классикасының жауһарлары мен Қазақстан композиторларының шығармалары өз көрермендерін тапты. «Шаңырақ» орталығына жиналған өнер сүйер қауым әдемі кештен жақсы әсер алып, көңілді қайтты.

13 ақпан күні сағат 11.00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Филармония залына заманымыздың нағыз батырлары жиналды.

Іс-шараның негізгі бөлімінде соғыс ардагерлеріне наградалар берілді.

Подробнее...  

Режиссер Татьяна Кирьянованың жетекшілік етуімен Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Мюзикл» таеатралдық студиясының әртістері Петропавл қаласының жас көрермендеріне С.Прокофьевтың «Петя мен қасқыр» театрланған симфониялық ертегісін ұсынды. Бұл қойылым 12 ақпан күні сағат 12.00-де Жастар сарайында өтті. Ең жас көрермендерге арналған тартымды, қызықты қойылым - эмоция мен музыкаға толы мазмұнда.

Подробнее...  

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ақмола облысының күндері аясында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары Петропавл қаласының өнер сүйер қауымына «Гәккулеткен, аққу жеткен – Көкшетау» атты салтанатты концертін ұсынды. Сахна төрінде филармонияның жетекші әншілері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Жұмекенова, жаста болса дарынды, өнерімен ел аузында жүрген, республикалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары Эльмира Камарницкая, Марина Зяблинцева, Фархат Сағымбай, Алмаз Оразалин, Аягөз Қалмағанбетова, Ринат Нұрмұхан, Мерғали Хамит және «Гәкку» би ансамблі өнер көрсетті. Концерт 12 ақпан күні сағат 19.00-де Жастар сарайында өтті.

Подробнее...  

31 қаңтар күні сағат 19.00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында симфониялық оркестрдің «Вечер русской классики» атты концерті өтті. Орыс музыкасы – әлем мәдениетінің үлкен бір бөлігі, еуропалық музыка өнерінің стильдік ағымдарының дүниеге келуі мен ауысуында музыкалық ойлаудың тарихи дамуының маңызды бір буыны болып табылады. Бұл кеште музыка өнерінің жауһарларына айналған композициялар, атап айтсақ Чайковскийдің №5 симфониясы (1 және 2 бөлімі), Рахманинов, Римский, Булахов, Бородинның асыл шығармалары орындалды. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шолпан Дүкімбаева мен күміс көмей жас әнші Аягөз Қалмағанбетова кештің сәнін кіргізіп, сахна төрінде өнер көрсетті. Орыс музыкасы талай ғасырлар бойы басқа елдердің музыка мәдениетімен етене араласа отыра, басқа да көркемдік өнернама түрлерімен тығыз байланысқа түсіп қалыптасқандығымен және дамығандығымен ерекшеленеді. Осындай ғажап концертті тамашалауға келген көпшілік бұл кештен үлкен ләззат алып, демалып шықты.

Жыл сайын «Көкшетау» мәдениет сарайында басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні өтеді. Осы жылы бұл мереке 14 желтоқсан күні салтанатты түрде атап  өтілді.

Концерттің салтанатты бөлімінде Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімене құттықтады, сонымен қатар өңір басшысы адал еңбегімен көзге түскен ең үздік ақмолалықтарды марапаттау рәсіміне де қатысты.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 52 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр