- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 431
Домбыраның күмбірі, скрипканың сазды әуені, тамылжыған ән, тенорға ауысқан бас, көйлектердің сусылы мен пуантталардың тықылы, ал кулисаның ар жағында кезекті пьесаны қайталап дайындалып жатқан әртістердің даусы.... Міне, осының барлығы Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясына тән құбылыстар, оның күнделікті өмірі.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 932
Қазақта лирикалық сезімге тұнып тұрған халық әндері қаншама? Соның бірі - бәрімізге белгілі «Япурай» әні. Бір жылдары «Қазақстан» ұлттық арнасында «Қазақтың жүз әні» атты телехабарда қазақтың «Япурай» әніне қатысты әр түрлі ой-пікірлер айтылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 1363
Қорамсаұлы Ақан сері – қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Үлкен Қоскөл маңында 1843 жылы туып, сол ата мекеніндегі Бұлақ басы, Құлагер құдығы деген жерде дүние салған.Сал-серілік дәстүрді барша сән-салтанатымен ұстанған Ақан сері жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазыны жан серігі еткен. Мұндай өмір-салт оның әншілік-ақындық шабытына тұғыр болып, «Құлагер», «Маңмаңгер», «Көкжендет», «Екі торы ат», «Алайкөк», «Тер қатқан» сияқты тамаша әндердің дүниеге келуіне себепші болған. Сондай-ақ, оның «Көкшетау», «Сырымбет», «Кербез сұлу» деп аталатын әндері туған жерге, өскен елге деген перзенттік махабаттың жарқын айғағы.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 427
1996 жылы Гульжан Ахметова Ш.Қалдаяқов атындағы Республикалық байқаудың дипломанты атанды.
Гульжан Ахметова қазақ, орыс және шетел сазгерлерінің шығармаларын, сонымен қатар халық әндерін және қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде Көкшетау ақындарының – Ақан серінің, Үкілі Ыбырайдың, Біржан салдың шығармаларын орындайды.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 1086
Ұлтының ұлық өнерін жан-тәнімен сүйіп өткен ақын, әнші-сазгер Тыныштық Шаменов. Тыныштық аға 1942 жылдың 13 наурызында Еңбекшілдер ауданының Прогресс ауылында дүниеге келіп, Ақмола ауыл шаруашылығы институтында білім алған. Алғаш халыққа ақтаңгер айтыс ақыны ретінде танылды. Өмірінің көбі Көкшетау облысы Ленинград ауданының Айсары ауылында өтіп, облыста ең алғашқы «Қарлығаш» өнер мектебін ашты.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 473
Қазақ даласындағы ерекше сұлу, мейлінше көрікті мекендерінің бірі – Көкшетау.
Көкше өңірі жер бетінде сирек кездесетін, өзіне ғана тән ерекшеліктері басым географиялық аумақ ретінде кеңінен танымал. Антрополог Оразақ Смағұловтың айтуынша, Кеңес заманында геологтар Көкшетау өңірін «ең көне жер» деп анықтаған екен.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 755
Шәмші Қалдаяқов - аты алты алашқа әйгілі, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған ұлы композитор. Ол - бүкіл ел мойындаған, жалпы халықтың шексіз сүйіспеншілігіне бөленген, қалың жұрттың қайнаған ортасынан шыққан дара дарын, тума талант, аты көзі тірі кездің өзінде аңыз болып кеткен бірегей өнер иесі.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 1968
Ән — халық мұрасы. Халық әндері — сарқылмас қазына. Ең алдымен, ән — өнер. Адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы, халыктың өмір айнасы.
Халық ішінде кеңінен айтылатын әндердің бірі – халық әні Ақбақай. Ән халық жадында сонау кезеңдері жаңғырып, өзінің эстетикалық сұлулығымен қазіргі орындаушылардың сүйікті әніне айналды.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр