- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 528
Ана – кез-келген сәбидің бал тілінде ең алғаш айтылатын, мағынасы зор, құдіретті, әдемі сөз.
Өмірге ұрпақ әкеліп, отбасының береке-бірлігінің ұйытқысы болатын, одан асса, ауыл-ел ынтымағының жарасуына ықпал жасайтын асыл жан.
Ал бір афоризмде «Ана - махаббат сөзінің синонимі» деп көрсетілген.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 490
Бүгін Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 74-ші концерттік маусым аясында алғашқы OFFLINE-концерт өтті.
Алғыс айту күніне орай өткізілген концерт бойы өзінің жылуы мен қошеметтерін сыйлаған біздің құрметті көрермендермен көптен күткен кездесу өтті.
Біздің қуанышымызда шек жоқ!
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 598
Қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктеткен, Қазақстанның музыка мәдениетінде аты аңызға айналған әйгілі күйшілердің бірі - Дина Нұрпейісова. Құрманғазының батасын алып, домбыра тартудың қыр-сырын меңгерген, «Домбыраның Жамбылы» атанған, он саусағынан бал тамған күйші қыз өмірінің соңына дейін қасиетті қара домбырасынан қол жазбаған. Күйшінің домбыра техникасын теңдессіз меңгеріп, қос қолмен бірдей домбыра шертудегі шеберлігін көргендер таң қалып, таңдай қаққан. Ал Дина Нұрпейісованың шығарған күйлері қазақ домбыра музыкасының классикасына айналды.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 310
Жақсы дикция әр адамның өмірінде маңызды.
Ауызекі сөйлеу кезінде де, кәсіби салада да тиімді қарым-қатынас жасау үшін сауатты, әдемі сөйлей білу көптеген нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асады.
Дұрыс, сауатты сөйлей білу ауызекі тіл, іскерлік қарым-қатынас және жазу деңгейін арттыруға көмектеседі.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 836
Би өнеріне құмар, барлық әуесқойлары үшін Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы «Заманауи би негіздері» бейне-сабақтар топтамасын ашады. Бейне-сабақтарды «Гәкку» би ансамблі өткізеді, жетекшісі Гүлмира Ордабаева.
Көрермендер назарына «Заманауи би негіздері» бейне-сабақтарының 1 шығарылымын ұсынамыз. Бұл бейне-сабақтар топтамасы сіздерге осы стильмен толығырақ танысуға мүмкіндік береді.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 710
Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаев - 20 ғасырдағы қазақ әдебиетінің қалыптасуына зор үлес қосқан сыршыл, мұзбалақ ақын, жазушы әрі аудармашы.
Қазақ поэзиясында өзіндік жарқын ізін қалдырған дарынды ақын қысқа ғана ғұмырында мыңнан аса туынды жазып, өлмес мұрасын қалдырды.
Ойы ұшқыр, қаламы жүйрік Мұқағали Мақатаевтың басты мұрасы - оқырмандары мен өнеріне табынушылары сүйіп жатқа оқитын жүрек тебіренткен лирикасы.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 796
Құрметті көрермендер, назарларыңызға «Мюзикл» театралдық студиясының «Баршаға арналған риторика» атты жаңа айдарын ұсынамыз, бұл айдарымыз тілдік кедергілерді еңсеруге, неғұрлым анық және дұрыс сөйлеуге көмектеседі, себебі, дұрыс сөйлей білу шешендік өнердің ең маңызды құпиясы болып табылады.
Айдардың әр шығарылымы сауатты таза сөйлей білу үшін белгілі бір шеберлікті дамытуға бағытталады.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 469
Композиторлар Майк Чапман мен Холли Найттың шығармашылық одағы әлемге керемет музыкалық туындылар сыйлады, бірақ олардың ең үлкен жетістігі – «Тhe Best» композициясы болды.
Оның түпнұсқасын Бонни Тайлер орындады. Дегенмен, Тина Тернердің орындауында ән ерекше танымалдыққа ие болды.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 26 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр