Классикалық музыка - грек вазалары немесе Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» шығармасы немесе Шекспирдің драмасы, Моцарттың симфониясы сынды мәңгілік.
15 қаңтар күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының сахна төрінен классикалық асыл туындылар төгілді.
Концерттік бағдарлама Берік Сарыбайдың жетекшілік етуімен симфониялық оркестрдің орындауында Й.Гайднның «Симфония #104» атты 4 бөлімнен тұратын жауһар туындысымен ашылды.
Жас скрипкашы Дания Әбілханова симфониялық оркестрдің сүйемелдеуінде «Маскарад» балетінен ноктюрн орындады.
Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Жания Мұхитдинова С.Рахманиновтың оркестрмен гобойға арналған вокализін ойнады.
Ал В.Янковский атындағы Новосибирск арнайы музыка мектебінің оқушысы Абылай Жұмаке фагот аспабында К.М.Вебердің «Концерт F Dur» шығармасын тамылжыта орындады.
Жас флейташы Амина Әбдінұрова көрермендер назарына К.В.Глюктің «Концерт для флейты Соль мажор» туындысын ұсынды.
Концерт ұлы композитор, күйші Құрманғазының 200 жылдығына орай дирижер әрі композитор Абзал Мұхитдиновтың симфониялық оркестрмен гобойға арналған түпнұсқалық аудармасы «Адай» күйімен аяқталды.
Бүгінгі өнер көрсеткен талантты жас қонақтарымызға ерекше эмоциямен, керемет музыка кешін сыйлағаны үшін алғыс айтамыз! Шығармашылық табыс пен жаңа музыкалық асуларды бағындырып, биіктерден көріне берсін!