Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 25 қаңтар күні   бас дирижер Жанат Рашит пен дирижер Руслан Қойшыбаевтың жетекшілік етуімен К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті өтті.

Кеш қонағы -   Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі  Рахат Мадреев (Ақтау қ.).

Оркестрдің орындауында Кенжебек Күмісбеков, Бауыржан Көбенғалиев, Манарбек Ержанов, Айтқали Жайымов, Мұрат Өскінбаев және т.б. танымал  қазақстандық   композиторлардың төл туындылары көрермендер назарына ұсынылды.

«Мәдениет саласының үздігі»  Валерия Больева  Франц Шуберттің   «Вечерняя серенада»  вокалдық миниатюрасын, ал Серікболсын Бекмолдин мен Аякөз Қалмағанбетова М.Мақатаев пен Т.Мұхамеджановтың «Отан» әнін орындады.

Әртіс-аспапшылар  Дәурен Біржанов (домра-прима) пен Бауыржан Балтин (домбыра)  оркестрдің сүйемелдеуінде  жеке өнер көрсетіп,  кештің сәнін кіргізді.

Концерттік бағдарлама К.Күмісбековтің «Аяулы менің мекенім» шығарармасымен аяқталды.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр