- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 613
Биыл ел еркесі Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығы. Опера мен эстрада жұлдызы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы аясында әншінің есімін алып жүрген Қазақконцерт әртістері өңірлерге жол тартты!
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 658
18 наурыз күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы қонақжай халқымызға ортақ Көрісу (Амал мерекесі) аясында Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдарына есігін айқара ашты.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 685
15 наурыз күні филармонияның концерт залында Арқаның сал-серілік, әншілік дәстүрінің іргетасын қалаушылардың бірі, халық композиторы, суырып салма ақын Үкілі Ыбырайдың өлмес мұрасын жаңғырту, насихаттау мақсатында Республикалық байқаулардың лауреаты, дәстүрлі әнші Шыңғыс Сәрсенбайдың «Қалдырған әнім аманат» атты концерті өтті.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 719
4 наурыз күні «Көкшетау»МС-да 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңіріміздің нәзік жанды әйелдер қауымын төл мерекелерімен құттықтап, олардың ел тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін атап өтті. Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін көрермендерге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Жеңіс Сейдоллаұлы мен Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы әншілерінің қатысуымен дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар атаулы мерекеге «GENTL VOICES» вокал квартеті, «Реверанс» би-спорт клубы, «Көкшетау»МС би ұжымдары қатысты. Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Нұржайнар Әбілхайырова, Ернұр Төкен «Анашым» әнін көпшілікке тарту етті.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 728
27 ақпан күні сағат 17:00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында симфониялық оркестрдің «Саундтреки к популярным кинофильмам» киномузыка кеші өтті, көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Берік Сарыбай.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 757
25 ақпан күні қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың 90 жылдығына арналған «Қазақтың жезкиік ақыны» концерті өтті.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 939
23 ақпан күні 18.30-да филармония төрінде қазақтың көрнекті композиторы, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Кенжебек Күмісбековтің 95 жылдығына арналған К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің «Аяулы менің мекенім» концерті өтті.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 644
17 ақпан күні филармония қабырғасында композитор, педагог, Үшінші дәрежелі Сталиндік сыйлықтың лауреаты (1951), Армян КСР Халық әртісі (1962), КСРО Халық әртісі (1971) Арно Бабаджанянның шығармашылығына арналған «Верни мне музыку» концерті өтті.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 76 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр








