16 маусым күні сағат 19.00-де 75-концерттік маусымның жабылуы аясында Вокалды-хор музыка кеші өтті. Жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Галина Колесникова. Концертке дирижер Берік Сарыбай жетекшілік еткен симфониялық оркестр, дирижер Жанат Рашит жетекшілік еткен камералық музыка ансамблі қатысты.
Концерттік бағдарлама камералық хордың орындауындағы a,cappella шығармаларымен басталды. Фортепиано, камералық музыка, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуінде хор мен филармония әншілері: «Мәдениет қайраткері» Жанат Есов, «Мәдениет саласының үздігі» Валерия Болиева, Мария Кокареваның орындауындағы тың туындылармен жалғасын тапты. Халық әндерінен бастап классикалық шығармаларды қамтыған концерттік бағдарлама қанықты, мазмұнды шықты
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/789-vokaldy-khor-muzyka-keshi.html#sigProId03350e94ae