- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 659
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары облыс әкімінің қатысуымен өткен Республика күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шараға қатысты.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 664
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 76-концерттік маусымның ашылуы аясында 18 қазан күні сағат 19.00-де К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті өтті. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Берік Сарыбай. Кешке арнайы шақырылған қонақтар – Қырғызстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «ДАҢҚ» орденінің кавалері, профессор Бақтыбек Тилегенов және солист, халықаралық байқаулардың лауреаты Шарипбек уулу Расулбек.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 629
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 14 қазан күні сағат 19.00-де филармония ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Жұмекеноваға қаржылай көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық концерті өтті.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 676
Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 10-13 қазан аралығында Дирижерлеу бойынша ашық халықаралық мастер- курс өтті. Бұл - жоба авторы Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен жүргізілген үш күндік қарқынды курс.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 610
Филармония ұжымы 11 қазан күні Петропавл қаласына жолға шықты. Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында Г.Гладковтың «Бременские музыканты» музыкалық театрланған қойылымын көрермендер назарына ұсынды. Режиссері Т.Валеев, әңгімелеуші Т.Кирьянова.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 690
28 қыркүйек күні сағат 19:00-де Ақмола облыстық филармониясында музыкант, аранжировщик Арман Ищановты еске алу кеші өтті.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 638
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 4 қазан күні сағат 19.00-де солист, Халықаралық байқаулардың лауреаты Әсел Әбілсейітованың (фортепиано) қатысуымен симфониялық оркестрдің концерті өтті. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері - Берік Сарыбай.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 1263
29 қыркүйек күні 19.00-де филармония төрінде қазақтың көрнекті композиторы, ән жанрының әйгілі майталманы, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың шығаршашылығына арналған К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің «Бақыт құшағында» атты ән кеші өтеді. Дирижері «Құрмет» орденінің иегері Тұрлыхожа Базаров, көркемдік жетекшісі және бас дирижері Жанат Рашит.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 62 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр





