17-19 мамыр аралығында Астана қаласының «QAZAQSTAN» ОКЗ-да Мәдениет және өнер қызметкерлері күні өтті. Осы іс-шара аясында қатысушыларға   шеберлік дәрістері (мастер-класс) мен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Ауқымды іс-шараға Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті, танымал «Илигай» хоры мен Қазақстанның басқа да  кәсіби ұжымдары  қатысты.

«Қазақконцерт» МКҰ-ның  шақыруымен    іс-шараға Үкілі Ыбырай атындағы  Ақмола облыстық филармониясының директор Н.Е.Шайкенова бастаған делегациясы да  қатысты.

Филармонияның режиссері және  концерттер жүргізушісі Татьяна Кирьянова қатысушылармен  «Концертная режиссура: от идеи до воплощения»  тақырыбында шеберлік дәрісін  өткізді.

Галина Колесникова жетекшілік еткен филармонияның камералық хоры гала-концертте 700-ден астам қатысушылармен бірге танымал халық әндерін орындады.

Сонымен қатар,   концертте «Гәкку» би ансамблі (жетекшісі Гүлмира Ордабаева), филармонияның солисі Аягөз Қалмағанбетова мен  К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі Бауыржан Балтин өнер көрсетті.

Онлайн кім

Қазір 193 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр