11 қазан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында көркемдік жетекші және бас дирижер Ерназар Уразалинның  жетекшілік етуімен  эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің «Филармония FM 4.0» концерті өтті.

Концертке Тула қ. (Ресей) Губернаторлық оркестрінің бас дирижері Владимир Леер  қатысты.

Концерттік бағдарламада филармония солистері де өнер көрсетіп, әсем ән сахна төрінен төгілді. 

«Мәдениет қайраткері» Жанат Есов пен  «Мәдениет саласының үздігі»  Ләззат Едрисова М.Минков пен А.Ивановтың  «Старый рояль»  шығармасын ән сүйер қауымға тарту етті.

Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Марина Зяблинцева мен Арай Букаева «Mon Mec A Moi» (Patricia Kass) және   «Загадай желание» (Р.Рождественский, А. Бабаджанян) сынды хит әндерді орындады.

Анастасия Мельник-Волошинаның орындауындағы «Latin eyes»  әні көрермендер назарына «Гәкку» би ансамблінің би қойылымымен безендіріліп ұсынылды.

Жанат Есовтың баянда орындаған «Caballo Viej» (Simon Diaz) орындауы көрермендер үшін нағыз тосын сый болды.

Кеш қонағы  дирижер  Владимир Леер оркестрді басқарып қана қоймай, флюгергорн, гармоника және труба  сынды аспаптарда да өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Бағдарламасы қанықты тамаша концерт ұсынған  оркестрдің үйлесімді жұмысын, шыңдалған шеберлігін атап өте отыра, солист-аспапшылар: Виталий Яныков (гитара), Марлен Сапарбеков (флейта), Ильяс Төлегенбай (кларнет), Нұрғиса Қанатов (труба), Дамир Тұяқбай (тромбон), Михаил Кислицкийдің (барабан)  шебер орындаулары көрермендерді баурап алды.

Осындай керемет кеш пен ерекше көңіл-күй сыйлаған оркестр ұжымына, солистерге, дирижерлер Ерназар Уразалин мен Владимир Леерге шын жүректен алғыс айтамыз!

Онлайн кім

Қазір 193 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр