Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 28 қыркүйек күні сағат 19.00-де дирижер Абай Акбужуровтың жетекшілік етуімен симфониялық оркестрдің «Шедевры мировой классики» концерті өтті.

Концерттік бағдарламада әлемге әйгілі классик композиторлардың жауһар туындылары орындалды. Людвиг ван Бетховеннің симфониясы мен увертюрасы, Карл Мария фон Вебердің концертинасы классикалық музыканы бағалаушылардың назарына ұсынылды. Әлемдік музыка мәдениеттің алтын қорына жататын бұл композиторлардың шығармаларын тамашалауға келген көрермендер әдемі кештен әсер алып, рухани демалып қайтты.

Концертті дәрісші-музыкатанушы Юлия Никитенко жүргізді.

Онлайн кім

Қазір 152 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр