15 маусым күні Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық фил

армониясының эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің концерті өтті. Оркестрдің көркемдік жетекші және бас дирижер Ерназар Уразалин, дирижері Абай Ақбужуров.

Эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі павлодарлық өнер сүйер қауымның назарын қанықты концерттік бағдарламасын ұсынады. Бағдарламада жезтаңдай әншілер: Марина Зяблинцева, Эльмира Камарницкая және майталман музыканттар: Даяна Кенжекеева, Наталья Серафимович (саксофон), Виталий Яныкова (гитара), Владимир Тарасов (клавиша), Марлен Сапарбеков және Арсен Еркін (флейта), Илья Чапаниди (труба), Дамир Тұяқбай, Әділетхан Жұмақан, Рустама Жахин, Евгений Субботин (тромбон) өнер көрсетті. Көрермендердің назарына танымал джаз композиторларының туындылары, сондай-ақ фанк және рок музыкасы ұсынылды.

Эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің концерті көрермендерге керемет көңіл-күй, ерекше эмоция сыйлағаны сөзсіз.

Онлайн кім

Қазір 157 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр