- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 648
29 шілдеде «Әсем әуен шалқиды» жобасы аясында
симфониялық оркестрдің шекті квартетінің онлайн-трансляциясы өтті.
Концертмейстері - Жұмабике Омарова.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 599
«Мультяшный бодрячок!» - бұл балалардың дене және
эмоционалдық денсаулығын нығайтуға арналған
апта сайынғы музыкалық дене шынықтырулар мен би жаттығулары.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 557
27 шілдеде Ақмола облыстық филармониясының әншісі Эльмира Камарницкая рок-н-ролл падишасының «Can,t Help Falling in Love» әніне өзінің кавер-нұсқасын көрермендер назарына ұсынды.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 946
19 қаңтар күні сағат 18:30-да Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің «GOLDEN SONGS» атты концерті өтті.
Дирижер «Мәдениет қайраткері» Ерназар Уразалинның жетекшілік етуімен эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі отандық, советтік және шетелдік эстрада жұлдыздарының көбінің атын шығарып, танымал еткен 80,90,2000 жылдардағы хит шығармаларды орындады.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 655
13 ақпан күні сағат 18:00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында оркестрдің бірінші скрипкасы Жұмабике Омарованың «My violin – my soul» атты жеке концерті өтті.
Жұмабике Омарова - көптеген жылдардан бері филармонияның симфониялық оркестрінің концертмейстері. Жұмабике тығыз дайындықтар кестесіне қарамастан, ерекше музыкалық жобаларды әзірлеуге белсене қатысады. Сонымен қатар камералық ансамбль мен симфониялық оркестрдің концерттерінде өнер көрсетеді, филармония ұжымдары мен басқа да солистерінің концерттік бағдарламаларына қатысады.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 1016
2020 жылдың тамыз айында ұлы қазақ ақыны, ағартушы, композитор, жазбаша қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбаевқа 175 жыл толады.
21 қаңтар күні барлық қазақстан халқы үшін маңызы зор мерекені тойлау ресми түрде басталды. Абайдың 175 жылдық мерейтойының салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен «Астана Опера» театрында бастау алды. Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы да осы ауқымды іс-шараны қолдау мақсатында өз өнерін көпшіліктің назарына ұсынды.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 1034
28 қаңтар күні сағат 18.30-да Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында симфониялық оркестрдің «Мелодия экрана» атты концерті өтті, бас дирижері - Берік Сарыбай. Концерт бойы музыкалық кештің авторы, «Астана Опера» МОБТ дирижері, Республикалық конкурстардың лауреаты Алихан Идрисовтың іріктеп алған сазды әуендері орындалды. Астаналық өнер сүйер қауымның жүрегін жаулап алған бұл жоба жеті жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Экран әуендері жоба авторының заманауи өңдеуінен кейін жаңаша естіледі. Бұл жоба міне Көкшетауда да қойылып, өз көрермендерін жинады.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 1030
Қаңтар айының 16 күні сағат 18.30-да Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрімен Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, күйші, композитор, дирижер Нұрлан Бекеновтің «Шаттан, елім!» атты шығармашылық концерті өтті.
Концертте Н.Бекеновтің өзі шығарған «Орақты батыр», «Сағыныш», «Жайлауда», «Шаттан елім», «Қызғыш құс», «Мұқағали» шығармалары, сондай-ақ қазақ және шетел композиторларының туындылары орындалды. Сегіз қырлы, бір сырлы бүгінгі кеш иесінің өз шығармаларын қасиетті домбыраға салып, күмбірлете орындаған орындауы, ұлттық өнердің бағасын білетін саңлақ бағалаушыларды бейжай қалдырмағаны анық.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 209 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр