30 мамыр күні  сағат 18.30-да «Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы» МКҚК-да  «Туған жер» арнайы  жобасының «Рухани жаңғыру» кіші бағдарламасының «Өңірлік мәдениет, дәстүрлер мен құндылықтар» базалық жобасын  жүзеге асыру және Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында, сонымен қатар   Балаларды қорғау күнінің қарсаңында «Гәкку» би ансамблінің есептік концерті өтті, ансамбльдің жетекшісі – Гүлмира Ордабаева.

Би – өнердің көнеден келе жатқан бай бір түрі, қызықты, санқырлы, жарқын, эмоциялық әсерге толы жанр.  Сән  мен  уақыт ағымы  халықтың тарихын бойына сіңірген  халық биіне әсер ете алмады, оны жер бетінен жойып та жібере алмады. Әр халық, әр ұрпақ өз ата-бабаларын  ұмытпауға тырысып, олардың өмірінен көрініс беретін әр өнер түрін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге тырысады.   Ал би болса ол өмірдің ерекшелігін, санқырлығын ашып беруге жәрдемдеседі.   Негізінен «Гәкку» би ансамблінің репертуары  ұлттық хореографиядан тұрады.   Ансамбльдің аты затына сай, құс төресі аққудың кербездігі бойында бар «Гәкку»  би ансамблінің ұжымы сұлулық пен бекзаттық, пластикалығымен ерекшеленеді.

Подробнее...  

28 мамырда  сағат 19.00-де Щучье қаласының мәдениет үйінде  Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншілерінің қатысуымен дирижер Әділет Азбаевтың жетекшілік етуімен  К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің  «Күй мен  классика әлемі» атты  концерті өтті. Концерт  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Астананың 20 жылдығы аясында  тарихи-мәдени  мұраларымызды  сақтап, дәріптеп, дамыту мақсатында көпшіліктің назарына ұсынылды.

Концерттік бағдарлама барысында халық композиторларының күйлері ойналып, заманауи Қазақстан  композиторларының  төл шығармалары мен әндері, танымал  әлем классикалық шығармалары орындалды.

Подробнее...  

13 мамырда «Астана Опера» МОБТ-тың Үлкен залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілік етуімен өткен «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрінің  «От барокко до рока» атты концертіне орындаушылық шеберлігімен көзге түсіп жүрген филармонияның жезтаңдай әншісі Эльмира Камарницкая мен филармония әрістері: Олеся Станкус (саксофон), Наталья Серафимович (саксофон), Роман Гомозов (саксофон), Юрий Храмцов (гитара) қатысты. Эльмира Камарницкая Фаусто Папеттидің «Райская мелодия» және И.Крутойдың «Angel pass away» композицияларын керемет орындап шықты. XVІІ ғасырдағы бароккодан бастап XХ ғасырдағы рокқа дейінгі түрлі дәуірлер мен стильдердегі музыка орындалды. Қаныққан санқырлы бағдарлама (әдемі барокко, қатаң классицизм, рухани романтизм, интеллектуалды джаз бен жалынды рок)  көрермендерін таң қалдырды, керемет көңіл-күй сыйлады. Құрамында біздің әртістеріміз өнер көрсеткен «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі жоғары орындаушылық шеберлігімен және өзінің туа біткен дарынымен, тың ойларымен көпшіліктің таңдайын қақтырып жүретін Абзал Мұхитдинов өнер сүйер қауым үшін концертті нағыз мерекеге айналдарды.

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі (дирижері Тұрлыхожа Базаров) және  «Гәкку» би ансамблі (жетекшісі Гүлмира Ордабаева) 13 мамыр күні Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында Аста қаласының  «Қазақстан» орталық концерт залында өткен   Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген  өнер қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, композитор    Кеңес  Дүйсекеевтің «Астана – ән қала» атты шығармашылық кешіне  қатысты. К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің  сүйемелдеуімен «Гәкку» би ансамблі «Биші қайың» биін орындады, сонымен қатар ұжым  әдемі  хореографиялық  қойылымымен  дарынды әртіс, Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген қайраткері Айгүл  Қосанованың   көрсеткен өнерін  ажарландыра түсті.

Подробнее...  

Ақмола облыстық филармониясының эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрі қала орталығында өткен Жеңіс күнін мерекелеуге қатысты, шығармашылық ұжым онда 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында көз жұмған жауынгерлерге арналған ескерткіш мемориалының жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне қатысты.

7 мамыр күні Көкшетау қаласының «Тәуелсіздік» алаңында Ақмола облысы әкімдігі мен мәдениет басқармасының аясында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл іс-шара барысында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрі, «Гәкку» би ансамблі мен әншілері өнер көрсетті.

Еліміз үшін маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі саналатын бұл мереке «Гвардейский» жаттығу алқабында өткен әскери шеруді тамашалаумен басталды. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі С.Ә.Жасұзақовтың Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысына берген баяндамасынан кейін барлық қазақстандықтарды Елбасы - Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев  құттықтады. Одан соң көпшілік LED экраннан жаяу әскерлер мен әскери техника колонналарының шеруін, әуе күштерінің қойылымын тамашалауға таптырмас мүмкіндік алды. Әскери шеру трансляциясынан кейін біздің өңіріміздің  салтанатты іс-шарасы басталды. Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы  Р.С.Қасымов Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға әскери бөлімшелердің Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жүріп өтуге дайын екендігін баяндады.

Подробнее...  

2018 жылдың 26-27 сәуір күндері Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Көкшетау – тал бесігім» классикалық және халық  музыкасының V  музыкалық фестивалі өтті.

26 сәуір күні симфониялық оркестр мен әншілердің қатысуымен «Көкшетау – тал бесігім» фестивалінің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың шығармашылық кеші өз шымылдығын ашты. Кеш Абзал Мұхитдиновтың «Ностальгия» вальсімен  басталды, дарынды дирижер кеш иесінің  жетекшілігімен бұл шығарманы  симфониялық оркестрдің  шекті аспаптар тобы орындады. Жеңіл, әрі сазды әуен ауада қалықтап, тыңдармандарын осындай керемет бал кешінде жүргендей әсерге бөлеп, жанды арбаған әсем музыканың ырғағына елітіп билеуге шақырды. Симфониялық оркестрдің орындауындағы «Капитан Гранттың балалары» кинофильміне арналған И.Дунаевскийдің  Увертюрасы оқиғаның желісін дәл бере біліп, әдемі әуезділігімен ерекшеленді. Бұл композиция  асқан шеберлікпен, үндестілікпен, жігерлі орындалып, әр көрерменін қиял қойнауына сүңгітті. Көкшетаулық көрермендердің көңілін әдемі, сыңғырлаған лирикалық-коллоратуралық сопрано даусымен жаулап алған филармонияның күміс көмей әншісі «Мәдениет саласының үздігі» Валерия Болиева бақытты қыздың махаббаты жайлы баяндайтын «Неистовый Роланд» орта ғасырдағы поэма  желісі бойынша Георг Фридрих Гендельдің «Альцина» операсынан жалынды  Моргана ариясын шарықтата шырқады.

Подробнее...  

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы «Музыкалық кофехана» инновациялық  жобасы аясында  талғампаз тыңдармандарын  камералық музыка әлеміне тартты. 2018 жылдың 10 сәуірінде «Камералық музыка кеші» атты ерекше концерт өтті. Музыканың бағасын білетін, өнер десе ішкен асын жерге қоятын жандарға жанға жайлы отбасылық атмосферада нәзік, жайдары музыкадан ләззат алып демалуларына қолайлы жағдай жасалды. Арнайы дайындығы бар, музыкадан хабары бар тыңдармандарға арналған концерттік бағдарламаға қазақ және әлем классиктері: Ш.К.Сен-Санс, С.В.Рахманинов, А.П.Бородин, Ғ.А.Жұбанова, В.И.Сапаровтың шығармалары енді. Бұл шығармаларды филармонияның талантты  музыканттары, өз ісінің хас шеберлері: Анна Батлукова (флейта), Роман Гомозов (кларнет), Жұмабике Омарова (скрипка), Анна Ивенина (скрипка), Анна Байсеитова (альт), Людмила Багапова (виолончель), Ольга Гергель, Жанар Искакова, Наталья Грицаева (фортепиано) орындады. Концерттің жүргізушісі – әуентанушы  Рена    Жұманова  тыңдармандарын  камералық музыканың ең озық үлгілерінің шығу тарихымен таныстырды.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 70 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр