12 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы  Ақмола облыстық филармониясында ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Шолпан Дүкімбаеваның «Сандуғаш үнім сайрасын» атты шығармашылық кеші өтті.

Жастайынан ән-жырға  құмар, барлық өмірін сахна төрінде  өткізіп, өнер  жолына арнаған Шолпан Базарқызын көкшетаулық ән сүйер қауым ғана емес, Қазақстан, Ресей мен шетелдік көрермендер де  сүйіп тыңдайды.

Жез таңдай әнші  1994 жылы Милоки қ, Уокешо (АҚШ), 2005 жылы Польша Халық Республикасында жеке концерттерін берген болатын. Ал жоғары деңгейдегі шығармашылық қызметі мен орындаушылық өнерге қосқан үлкен үлесі үшін Ресей және ТМД-ның Европалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасының алтын медалімен және дипломымен  де марапатталды.

Әншінің шығармашылық концерті 60 жылдық  мерейтойына арналады. Концертке шақырылған арнайы қонақтар: «Астана Опера» МОБТ-ның солисі Бейбіт Таңарықов; фортепианода сүйемелдеуші Раушан Бескембирова,  (Нұр-Сұлтан қ.).

Кеш барысында әншінің  шәкірттері де өнер көрсетеді. Ш.Базарқызы сонымен қатар шәкірт  тәрбиелеп, ұстаздық қызметпен де айналысады. Қазіргі таңда тәлімгерлері алдыңғы қатарлы сахна төрлерінде өнер көрсетіп  жүр.

Талай жылдар бой бел шешпей еңбектенген күміс көмей әншінің репертуары да бай. Кеш барысында  әнші К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің, камералық оркестрдің, фортепианоның  сүйемелдеуінде танымал қазақстандық композиторлардың шығармаларынан  бастап, әлем классика жауһарларын да шарықтата шырқады.  

Кеш жүргізушілері: Алтынай Искакова мен Самат Уатхан. 

Онлайн кім

Қазір 367 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр