16 қыркүйек күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында симфониялық оркестрдің «Вселенная Бетховена» атты концерті өтті. Дирижері Берік Сарыбай.
Бетховен - классицизм мен романтизм арасындағы классикалық музыкадағы негізгі тұлға, туындылары әлемде ең көп орындалатын композиторлардың бірі. Ол өз заманындағы барлық жанрды қамтып қалам тартты, оның ішінде опера, драмалық спектакльдерге музыка, хор шығармаларын жазды. Оның мұрасындағы ең маңыздысы, құндысы аспаптық шығармалар: фортепиано, скрипка және виолончель сонаттары, фортепианоға, скрипкаға арналған концерттер, квартеттер, увертюралар, симфониялар. Бетховеннің шығармашылығы XIX және XX ғасырлардағы симфонизмге айтарлықтай әсер етті.
Концерттік бағдарламада - «Кориолан» увертюрасы оп.62, 4 бөліктен тұратын Симфония нөмір 1 C-Dur оп.21 және әйгілі Бесінші симфония. Осы Бесінші симфонияның жазбасы 1977 жылы ғарышқа ұшырылған автоматты планетааралық Вояжер станциясының бортында екенін айта кеткен жөн. Бұл аудио тасымалдаушы 500 миллион жылға дейін өмір сүруі мүмкін, сондықтан да бүкіл әлем Бетховенді тыңдайтыны таңқаларлық емес
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/717-vselennaya-betkhovena.html#sigProId0d794def62