9 маусым күні сағат 19:00-де «Достар» МҮ көрермендер залында Үкілі Ыбырай атындағы  Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблінің орындауында заманауи хореография кеші өтті. Жетекшісі – «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева, қоюшы - Алина Темиргазина.

Жергілікті аудитория  «Гәкку» би ансамблінің  репертуарын дәстүрлі классикалық халық биімен байланыстырады. Дегенмен шабытталған, рухталған, сезімтал шығармашыл тұлғалар жеткен жетістіктерінде  тоқтап қалмай, шеберліктерін шыңдай отыра, жоғарыға, жаңа бағыттарды бағындыруға ұмтылуда.

9 маусым күнгі премьера - «Я и все мои «Я» спектаклі - бұл ең алдымен философиялық нөмірлер. Бұл қойылым ерекше, ауызбен айтып  жеткізу мүмкін емес. Осы театрланған қойылымның әр қатысушысы  өзі сомдайтын образға кіріп, жан-дүниесімен сезінуге тырысты. Керемет, сиқырлы, шын мәнінде пластикалық қимыл-қозғалысты бере білген барлық кейіпкерлер  арасында ортақ бір нәрсе бар ... Ол ғажайып, тартымды күшке ие. Жастық шақтың жалындаған қызуы, табиғи кербездік, сұлулық, туа біткен дарын, пластика, ырғақты жан-дүниелерімен сезіне білу қабілетіне ие ансамбль әртістерінің музыкамен көркемделген әр қимылы, әсем биі көрермендерін баурап алды. Үйлесімді сазды музыканы жүректен өткізіп, тәнге жеткізіп, мың бұрала, би тілімен жеткізе білу өнерлердің өнері.  

Заманауи өнерді тамашалап, қолдауға дайын барша көрерменді «Гәкку» би ансамблі шағын спектакліне шақырды.

Онлайн кім

Қазір 85 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр