VTEM skitter
VTEM skitter

Жыл сайын басты мемлекеттік мерекелеріміздің бірі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншілері, әртістері, шығармашылық ұжымдарымен естен кетпес, ғажап мерекелік концерт беріледі.

Ал осы жылы концерттік бағдарлама «Туған жер» арнайы жобасының «Рухани жаңғыру» ішкі бағдарламасының «Өңірлік мәдениет, дәстүрлер мен құндылықтар» негізгі жобасы аясында өтті. Концерттің салтанатты бөлімінде Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин барлық жиналған қауымды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады және әкім еңбегі бағаланған ең үздік ақмолалықтарды марапаттау рәсіміне қатысты.

Ал іс-шараның концерттік бөлімі заманауи өзіндік ерекшелігі бар бейне-тарихи меппингпен ашылды, онда жер бетінің жаратылғанынан бастап бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан елінің тарихы әп сәтте көрсетіліп шықты. Көрермендер кең даланың пайда болу тарихын, ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін тамашалап, тарихымыздың негізгі беттерін парақтап, тәуелсіздікке дейінгі Қазақстанның жүріп өткен жолын еске алды.

Концерттің кіріспе бөлімінде «Мәдениет саласының үздігі» Валерия Болиева мен Шығармашыл-дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша облыстық оқу-әдістемелік орталығы «Жұлдыздар» үлгілі студиясының әншісі Диляра Серікова «Гәкку» би ансамблімен бірге «Ұлы дала тарихы» шығармасын орындады., Халықаралық байқаулардың лауреаты, дирижер Әділет Азбаевтың жетекшілік етуімен К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі ақмолалықтарды бірінші болып құттықтау үшін сахна төріне шығып, көпшілік сүйіп тыңдайтын Түркеш Қалқаұлының динамикалық, әсерлі «Көңіл ашар» күйін орындады.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің доценті Айтбек Нағызбаевтың орындауындағы Үкілі Ыбырайдың «Қызыл асық» шығармасы көрермендер үшін естен кетпес сый болды.

К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрімен жоғары деңгейде орындалған Дж. Уильямстың «Виктория» композициясы тыңдармандарының жүрегін жаулап алды. Филармония әншілері: «Мәдениет қайраткері» Жанат Есов, халықаралық байқаулардың лауреаты: Махаббат Мұхамеджанова, Эльмира Нысанбаева, Серікболсын Бекмолдинның орындауларындағы танымал классикалық шығармалар тақырыбындағы  попурри концерттік бағдарламаны патриоттық жағынан байыта түсті, қазақ халқының музыкалық өнерінің тұңғиығын аша көрсетті.

Қазақ халық аспаптар оркестрі «Гәкку» би ансамблінің сүйемелдеуінде халқымыздың ұлан-ғайыр кең даласын суреттейтін, Құрманғазы шығармашылығының шарықтау шегі болып табылатын «Сарыарқа» күйін көпшіліктің назарына тарту етті. Марина Зяблинцева мен Алдияр Ерғали режиссер Е.Шынарбаевтың «Астана – менің махаббатым» кинофильмінен алынған композитор А.Райымқұлованың әнін орындаған кезде залда романтикалық атмосфера орнап, патриоттық-махабат тақырыбындағы композиция тыңдармандарын баурап алды. «Muz band» тобының Көкшетау туралы әндер тақырыбында орындаған попурриі ақмолалық өнер сүйер қауымды бір серпілтті.

А.Ивенина (электроскрипка) мен С.Бабаевтың (домбыра) дуэті сондай ерекше, әсерлі шықты, олардың орындауындағы Д.Пуччинидің «Tosca Fantasy» ұлттық нақышта  өрнектеліп өрілді. «Melody» тобы «Гәкку» би ансамблінің сүйемелдеуінде Қ.Қалтайдың сөзіне, А.Темірбайдың музыкасына жазылған жалынды ғажап әнді орындап, концертті жандандырып, қыздыра түсті. Өнерімен талайдың таңдайын қақтырған бұлбұл дауысты, шығыстың сұлуы Кәмшат Жолдыбайдың сахна төрінде көрсеткен өнері кеш қонақтары үшін тосын сый болды.

Сахна жұлдызы заманауи хит әндер: «Сүйіктім» (Д.Бахаров пен К.Бахтиярқызы) мен «Бірге» (Б.Бауыржан мен А.Дүйсенбі) әндерін шарықтата шырқап, көрермендердің қошеметіне  бөленді. Г.Ордабаева жетекшілік еткен «Гәкку» би ансамблі мен А.Погорело, А.Ефименко, Л.Сад  жетекшілік еткен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің  студенттері «Халықтар достығы» атты вокалдық-хореографиялық сюитаны орындады, бұл нөмірде өңірімізде тұрып жатқан әр ұлттың ұлттық биі жинақталып, ұлттық музыкамен әрленген.

Концерттің соңында барлық әншілер мен қатысушылар атақты жерлесіміз, дарынды ақын Е.Баятұлының сөзіне жазылған композитор К.Қалқатаевтың  патриоттық әні «Алға, Қазақстан!» әнін  орындады.

Соңғы жаңалықтар

  • Бірлескен концерт

    Дата создания: 18 Сәуір 2026
    17 сәуір күні симфониялық оркестр мен Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттерінің бірлескен концерттік жобасы өтті.
    Толық... 

    Қазақтан шыққан тұңғыш саксофонист Еркін Слетдиновтің шығармашылық кеші

    Дата создания: 17 Сәуір 2026
    16 сәуір күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында   композитор, қазақтан шыққан тұңғыш саксофонист Еркін Слетдиновтің  шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында автордың музыкалық әлеміне терең бойлап, оның әуен арқылы өрілген ой-сезімін, шығармашылық қолтаңбасын танытатын...
    Толық... 

    «Қазақ музыкасының қос алыбына – 120 жыл»

    Дата создания: 15 Сәуір 2026
    14 сәуір  күні композитор, музыкатанушы, дирижер, академик, Қазақ КСР Халық әртісі Ахмет Жұбанов пен композитор, Қазақ КСР Халық әртісі Латиф Хамидидің 120 жылдығына арналған К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің «Қазақ музыкасының қос алыбына – 120 жыл» атты...
    Толық... 
  • Болат Есмұхановтың «Жарығым-ай» шығармашылық кеші

    Дата создания: 10 Сәуір 2026
    9 сәуір күні дирижер Алихан Идрисовтың жетекшілік етуімен эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде композитор, «Мәдениет саласының үздігі» Болат Есмұхановтың «Жарығым-ай» атты шығармашылық кеші өтті.  
    Толық... 

    «Перо и лира»

    Дата создания: 06 Сәуір 2026
    3 сәуір күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Перо мен лира» атты музыкалық кофехана өтті.
    Толық... 

    Байқал Байәділовтың шығармашылық кеші

    Дата создания: 29 Наурыз 2026
    28 наурыз күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Республикасы ақпарат және мәдениет саласының үздігі, ақын, жазушы-журналист Байқал Байәділдің «Жақсылығын Көкшенің жайдым...
    Толық... 
  • «JASTAR VIBE»

    Дата создания: 27 Наурыз 2026
    26 наурыз күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында алғаш рет эстрадалық-симфониялық оркестрдің «JASTAR VIBE» атты концерті өтті. Бұл кеш ырғақ пен жарық, еркіндік пен шабыт, жас энергия мен сахналық драйв тоғысқан ерекше музыкалық кеш ретінде көрермен жадында қалды.
    Толық... 

    «Орда» және «Гәкку» ансамблінің концерті

    Дата создания: 20 Наурыз 2026
    19 наурыз күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармония сахнасында «Орда» этно тобы мен «Гәкку» би ансамблінің бірлескен әсерлі концерті өтті.
    Толық... 

    8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған концерттер

    Дата создания: 08 Наурыз 2026
    Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары бірқатар мерекелік концерттерге қатысты.
    Толық... 
  • VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter
    VTEM skitter