16 сәуір күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында композитор, қазақтан шыққан тұңғыш саксофонист Еркін Слетдиновтің шығармашылық кеші өтті.
Кеш барысында автордың музыкалық әлеміне терең бойлап, оның әуен арқылы өрілген ой-сезімін, шығармашылық қолтаңбасын танытатын танымал шығармалары көпшіліктің назарына ұсынылды.
Концерттің шымылдығы эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемледеуімен «Шапағат» мемлекеттік наградасының иегері Аякөз Қалмағанбетованың орындауында Ш.Сариевтің «Қазақ елі» әнімен ашылды. Өнер сүйер қауым Бекұлан Ерболатұлының орындауында Б.Тәжібаевтың «Ту тіккендер туралы балладасын», Арай Букаева мен Алан Бектеміровтің орындауында Ш.Сариевтің «Сен аман бол, сүйіктім» әнін, Аманғали Жұматаевтың орындауында Б.Тәжібаевтың «Ақ жаулықты анаға» әнін, Серікболсын Бекмолдинның орындауында Б.Тәжібаевтың «Қос қайың» әнін тамсана тыңдады. «Мәдениет саласының үздігі» Ләззат Едрисова мен «Халық алғысы» медалінің иегері Жанат Есов көпшілікке танымал Ш.Сариевтің «Балдәурен» әнін шарықтата шырқады. Сонымен қатар Саида Сағди, Анастасия Мельник Д.Накиповтың «Музыка Луны», «Имя Мамы», Инара Мукушева Ш.Сариевтің «Сол бір ән» туындыларын орындап, көрермен қошеметіне бөленді. Бағдарламада композитордың «Қар жауып тұр», «Айналайын қыз бала» әндері де орындалып, өз тыңдарманын тапты. Сонымен қатар концертте композитордың аяулы жары Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлыш Естайдың «Құсни-Қорлан» әнін тамылжыта орындады. Концерттік бағдарламаға «Гәкку» би ансамблі, аспапшы музыканттар: Дмитрий Петюль, Алибек Ахмалишев та қатысып, өнер көрсетті.
Бұл шығармашылық кеш көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлап, композитордың ұлттық өнердегі өзіндік орнын айшықтап, ерен еңбегінің жемісін кеңінен танытты.
Кеш иесі Еркін Слетдиновті Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Жабал Ерғалиұлы құттықтап, Ақмола облысының әкімі М.Ахметжановтың атынан Құттықтау хатын, ал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Раушан Мұсаходжаева Күләш Байсейітова атындағы қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Ғ.Ахмедияровтың Құттықтау хатын табыс етті. Және де Мәдениет саласының үздігі, «Қазақстан даңқы» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Канапиева Саулеш Төлегенқызы сөз сөйлеп, бүгінгі шығармашылық кешімен құттықтады.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/1221-aza-tan-shy-an-t-ysh-saksofonist-erkin-sletdinovti-shy-armashyly-keshi.html#sigProId590b1d96c8

