26 наурыз күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында алғаш рет эстрадалық-симфониялық оркестрдің «JASTAR VIBE» атты концерті өтті.

Бұл кеш ырғақ пен жарық, еркіндік пен шабыт, жас энергия мен сахналық драйв тоғысқан ерекше музыкалық кеш ретінде көрермен жадында қалды.

«JASTAR VIBE» концерті өскелең ұрпақ пен жастарға арналған, сондай-ақ филармония кеңістігін жаңа тыныспен таныту мақсатында ұйымдастырылған тың жоба болды. Кеш барысында филармонияның жас толқын әншілері: Алан Бектемір, Анастасия Мельник, Марина Зяблинцева, Саида Сағди, Инара Мукушева, Арай Букаева, Алтынбек Бектеміров, Аманғали Жұматаевтың орындауында танымал заманауи хит әндер шырқалып, жанды орындаудағы каверлер  тыңдарман назарына ұсынылды.  Ерекше сахналық формат көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар Дайана Хатиуллина мен Полина Чеброваның орындауында көпшілік «Нейросеть» биін тамашалады. Жеке аспаптық орындаулар да көрермен ықыласына бөленді: Марлен Сапарбеков жеке саксофонда, ал Саида Рашит жеке қобызда өнер көрсетті. Оркестр сүйемелдеуімен орындалған әрбір шығарма кештің көркін аша түсті. 

«JASTAR VIBE» концерті филармония сахнасына жаңа леп әкелген, заманауи бағыттағы жобалардың бастамасы болған ерекше кеш ретінде есте қалатыны сөзсіз.

Онлайн кім

Қазір 47 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр