3 сәуір күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Перо мен лира» атты музыкалық кофехана өтті.

Музыкалық кофехана форматы тыңдармандарға жайлы әрі еркін атмосферада өнердің екі түрі – музыка мен әдебиеттің үндестігін сезінуге мүмкіндік берді. Кеш барысында камералық оркестр мен хордың, концертмейстерлер: Яромир Бевзовой, Ольга Гергель, Наталья Грицаева, Захар Пшеничныйдың сүйемелдеуінде «Мәдениет саласының үздігі» Валерия Болиева, Халықаралық байқаулардың лауреаты Батыржан Смаков, Республикалық байқаулардың лауреаттары: Алла Беш, Аякөз Қалмағанбетова, Серікболсын Бекмолдин, Аманғали Жұматаев қазақ және әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің лирикаға толы тың шығармарларын көпшіліктің назарына ұсынды. Бағдарламада Моцарт, Дж.Верди, Р.Штраус, Э.Григ, Б.Пастернак, Б.Окуджава, П.Чайковский, М.Мусоргский, Н.Римский-Корсаков, Ю.Фалик, А.Құнанбаев, М.Лермонтов, Ғ.Жұбанованың жауһар туындылары орындалып, сахна төрінен төгілді. «Мәдениет саласының үздігі» Жұмабике Омарова скрипкада Э.Акобянның «1805 год» романсын төгілте ойнап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Онлайн кім

Қазір 29 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр