Тіл дегеніміз – тұтас бір әлем. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге сол халықтың ғасырлар бойғы даму барысында жинақтаған білім-ғылымдарының жиынтығы.

Подробнее...  

7 қыркүйек күні сағат 19:00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерттік маусымының ашылуы қарсаңында К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің «Өз елім» атты концерті  өтті.   Концерттік бағдарламаның негізін қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің өлмес туындылары, сонымен қатар К.Күмісбековтің  «Назерке», «Вальс» шығармалары да көпшіліктің назарына  ұсынылды.

Подробнее...  

Еліміз  үшін  мәртебелі, айтулы  мерекелердің  қай кезде де орны бөлек. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскерімізге,  абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрметіміз шексіз. Ал сұрапыл соғыс жылдарында қасық қанын төгіп, жан берген, Ұлы Жеңіс күні, жарқын болашақ үшін күрескен жандардың ерлігі мәңгі ел есінде.

Подробнее...  

9 маусым күні сағат 19:00-де «Достар» МҮ көрермендер залында Үкілі Ыбырай атындағы  Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблінің орындауында заманауи хореография кеші өтті. Жетекшісі – «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева, қоюшы - Алина Темиргазина.

Подробнее...  

8 мамыр күні сағат 15:00-де Үкілі Ыбырай  атындағы  Ақмола облыстық  филармониясының концерт залында симфониялық оркестрдің «Liner  music cinema 3» киномузыка кеші өтті,  бас  дирижері - Берік  Сарыбай.

Подробнее...  

5 мамыр күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының сахна төрінде  «Мәдениет саласының үздігі» Ләззат Едрисованың  50 жылдық мерейтойына    арналған «С песней в унисон» атты  мерекелік концерті өтті.

Подробнее...  

1 мамыр күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Айнакөл» фольклорлық ансамблі мен «Гәкку» би ансамблінің «Еңсесі  биік Егемен ел» атты концерті өтті.

Подробнее...  

Үкілі Ыбырай атындағы  Ақмола облыстық филармониясы   29 маусым күні сағат 19:00-де 74-концерттік маусымның жабылуы аясында «Көкшетау»     мәдениет сарайында   әлем     сахналарын бағындырып жүрген танымал әртістер:  Либуше Санторизова (Чехия, сопрано), Эцуо Дои (Жапония, тенор), Антуан Бернхейм (Швейцария, баритон), Коррадо Вальвоның (Италия, дирижер) қатысуымен симфониялық оркестрдің концертін көпшіліктің   назарына ұсынды.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр