- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 197
30 қыркүйек күні филармонияның 79-концерттік маусымның ашылуы аясында симфониялық оркестр тыңдармандарының назарына «Вена классиктері» концертін ұсынды. «Вена классикасы» - ғасырлар бойы өзектілігін жоғалтпаған, мәңгілік музыка.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 232
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 24 қыркүйек күні Арқаның әншілік дәстүрінің іргетасын қалаушылардың бірі, қазақ халқының өнер тарихында өшпес із қалдырған асқан дарын иесі Үкілі Ыбырайдың 165 жылдығына арналған «Қалдырған әнім аманат» атты концерт өтті.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 258
18 қыркүйек күні «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында филармония төрінде «Екі жұлдыз» жобасы екінші рет өтті. Еліміздің өркендеуі жолында тынбай еңбек етіп келе жатқан әр саланың жұмысшылары филармонияның кәсіби солистерімен бірге, эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде өнер көрсетті.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 299
10 тамыз күні Көкшетау қаласының көркем көлінің жағалауында ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған ерекше іс-шара өтті. «Абай әлемі» атты мәдени шара 7 бірдей аймақты қамтып, ұлы тұлғаның шығармашылығы мен өмірінің барлық қырларын ашып, көпшілікке таныстыруға мүмкіндік берді.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 387
19 маусым күні филармония төрінде «Пульс A’STUDIO» концерті өтті. Эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі мен филармония солистері тыңдарман қауымның назарына аты аңызға айналған A’STUDIO тобының хит әндерінен тұратын бай бағдарламасын ұсынды.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 691
«Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаеваның жетекшілік етуімен талай асуларды бағындырып, сахна төрлерінде өнер көрсетіп жүрген Халықаралық байқаулардың лауреаты «Гәкку» би ансамблі бүгінгі есептік концертінде қазақ халық билерінен бастап, басқа халықтардың билері мен заманауи би үлгілерімен толысқан бай репертуарын өнер сүйер қауымның назарына ұсынды.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 1099
25 сәуір филармонияның төрінде симфониялық оркестр сүйікті көрермендерінің назарына «Танымал түрік сериалдары мен фильмдерінің саундтректері» атты тың концертттік бағдарламасын ұсынды.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 961
19 наурыз күні 18.30-да филармония төрінде қазақтың көрнекті композиторы, ән жанрының әйгілі майталманы, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Еңбек ері, Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқов пен журналист, қазақтың лирик ақыны Еркеш Ибраһимнің 95 жылдығына арналған К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің «Байғазыңа бес ән арнадым, ерке Көкше!» атты концерті өтті. Кешке Шәмшінің ұлы «Мәдениет саласының үздігі» Мұхтар Қалдаяқов арнайы келді.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 38 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр









