19 маусым күні филармония төрінде «Пульс A’STUDIO» концерті өтті. Эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі мен филармония солистері тыңдарман қауымның назарына аты аңызға айналған A’STUDIO тобының хит әндерінен тұратын бай бағдарламасын ұсынды.
Жобаның авторы - Алла Беш.
Кеш барысында «Мәдениет қайраткері, «Халық алғысы» медалінің иегері Жанат Есов «Нелюбимая», «Мәдениет саласының үздігі» Ләззат Едрисова «Улетаю», Ринат Нұрмұхан «Джулия», Отан ана», Марина Зяблинцева «Fashion Girl», «Я искала тебя» , Саида Сағди «Так же как все», Арай Букаева «Еще люблю», Анастасия Мельник «Папа, мама», Дариға Исмагулова «Тик-так», Аманғали Жұматай «Стоп ночь», Бауыржан Алибеков «Солдат любви» Алла Беш «Любовь река» сынды көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әндерін орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді. Концертке «Гәкку» би ансамблі, камералық хор да қатысты.
Қазақ эстрадасының символына айналған A’STUDIO тобының шығармашылығына арналған «Пульс A’STUDIO» концерті тыңдармандардың жүрегін жаулап алып, ерекше сезім, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/1044-puls-a-studio.html#sigProIda893d1d61d