- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 2542
2016 жылдың 13 желтоқсанында «Көкшетау» МС Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Дәстүрге сәйкес жиналыс облыстық филармонияның қызметкерлері дайындаған мерекелік концертке ұласып аяқталды.
Концерт К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен симфониялық оркестрдің бірлесе сүйемелдеуінде Біржан сал атындағы музыкалық колледждің бірлескен хорының орындауындағы «Елім-ай» әнімен басталды. Дирижерлік пультта «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының дирижері, «Құрмет» орденінің кавалері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов тұрды.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 2310
25 қараша күні Ақмола облыстық филармониясының әншісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Шолпан Дүкімбаева көкшетаулықтарды – өнеріне тәнті табынушыларын «Әнім саған, туған жер» атты жеке концертіне шақырды. Әншінінің шығармашылық есеп беру кеші ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен өзінің сахна төрінде жүрген 30 жылдығына арналды.
Жан-жақты ойластырылып, әртүрлі жанрлық шығармалардан құралған концерттік бағдарлама әншінің сүйікті көрермендеріне тартқан тартуы болды. Осындай іс-шараны өткізу - бұл тек әншінің ғана мерейі емес, сонымен қатар көрермендер мен музыкалық бірлестіктің алдындағы үлкен жауапкершілік.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 3588
10-13 қараша аралығында Астана қаласында маңызды қысқы мәдени іс-шара – «Розы Казахстана» ІІ Халықаралық хореографиялық өнер фестиваль-конкурсы өтті. Филармонияның ғана емес, сонымен қатар облыстың намысын қорғау үшін елордаға танымал көкшетаулық хореографиялық ұжымдардың бірі – «Гәкку» би ансамблі аттанды.
Мәдениет, білім және шығармашылық ұжымдардың демалысын ұйымдастыру жүйесінде үлкен тәжірибесі бар мәдениет саласының мамандары «Қазақстан-Болгария-Ресей» халықаралық шығармашылық жобасы аясында ұйымдастырған конкурс астаналық «Жастар» орталығының негізінде өтті.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 1313
3 қараша күні «Мюзикл» театралдық студиясының әртістері кішкентай көкшетаулықтарды «Самые школьные Барбоскины» театрланған-музыкалық ойын-сауық қойылымының алғашқы көрсетіліміне шақырды. Балалар бұл қойылымды қуана тамашалады. Лизаның қалай мектепке дайындалғаны туралы қызықты оқиға жас көрермендерге қатты ұнады. Мектеп жасына жетпеген бұл балдырғандар – өте сезімтал, олар ертегінің жағымды кейіпкерлерінің басынан өткен оқиғаларға сеніп, оны өз бастарынан өткергендей күй кешіп, жан-тәнімен беріле тамашалайды.
Жаңа қойылым балаларды жақсы оқуға, белсенді және ұқыпты оқушы болуға, жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады. Ертегі авторлары қойылымды әсерлендіре түсу үшін логикалық тапсырмаларды шешуге арналған ойын түрлерін, сұрақ-жауаптар кіргізді.
- Подробности
- Автор: Администрация
- Просмотров: 2388
29-30 қазан аралығында Астана қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дәстүрлі Ақмола облысының мәдениет күндері өтті. Ақмолалықтар өз кезегінде астанамыздың қонақтары мен тұрғындарына арнап облыс өңірлерінде өсірілген ауыл шаруашылық өнімдерін ғана алып барған жоқ, сонымен қатар көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлайтын шығармашылық ұжымдардың ғажап концертін де ала барды. Үш күн бойы ақмолалық делегация астаналық көрермендерді өз өңірінің жетістіктерімен, тарихымен және мәдениетімен таныстырды.
- Подробности
- Автор: Шайкенова Нургуль Ескендировна
- Просмотров: 1740
26 қазан күні Ақмола облыстық филармониясының концерт залында өткен эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрінің концерті мерейтойлық 70-концерттік маусымның ашылуына орайластырылған бірқатар музыкалық кездесулерді әдемі қорытындылап шықты. Бүгінгі кешке де халық көп жиналды, көрермендер залы өнер сүйер қауымға лық толы болды. Осы жылдар ішінде филармония көптеген шығармашылық ұжымдарды, әншілерді, музыканттарды, дирижерларды өсіріп шығарды. Олардың бірі - «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері Ерназар Уразалин жетекшілік еткен эстрадалық –үрмелі аспаптар оркестрі.
- Подробности
- Автор: Шайкенова Нургуль Ескендировна
- Просмотров: 2340
20 қазанда Ақмола облыстық филармониясы көрермендерін тағы да концерт залына жинады. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және филармонияның мерейтойлық 70-концерттік маусымының ашылу аясында өткен К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концертіне танымал әнші Нұржамал Үсенбаева қатысты. Опера жұлдызы Көкшетау қаласына алғаш келіп отырған жоқ, ол әрдайым біздің шақыруымызды қабыл алып, табынушыларын әсем әнімен әлдилейді. Бұл жолы Қазақстан және Татарстан Республикаларының халық әртісімен бірге сахна төрінде «Астана Опера» театрының дирижері Руслан Баймурзин, «Астана Опера» солисі Талғат Гаеев, Астаналық қобызшылар квартеті: Олжас Құрманбек, Алмат Сайжан, Әділет Азбаев, Аян Омаров және облыстық филармонияның әншілері өнер көрсетіп, ақмолалықтарға өз шығармашылықтарын тарту етті.
- Подробности
- Автор: Шайкенова Нургуль Ескендировна
- Просмотров: 3210
18 қазанда Ақмола облыстық филармониясының қабырғасында өткен дүниежүзіне танымал скрипкашы Марат Бисенғалиевтың концертіне оның шығармашылығына табынушы ақмолалық көрермендер жиналды. Мерейтойлық 70-концерттік маусымның ашылу аясында филармониялықтардың өзінің сенімді көрермендеріне арнап дайындаған естен кетпес музыкалық сыйлығы болды. Бұл жарқын мерекелік кеш дүниежүзіне танымал, саусағынан бал тамған скрипкашы, жоғары деңгейдегі музыкант Марат Бисенғалиевтың құлшына біздің қаламызға келіп, филармонияың сахна төрінде концерт беруіне байланысты осы жылғы айтулы музыкалық оқиғалардың біріне айналды.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 207 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр









