Табиғаттың жаңарған, жасарған маусымы - гүл көктемнің шешек атқан, бүр жарған өмір мерекесі, көңіл мерекесі Наурыз мейрамына қарсаңында 18 наурыз күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Тролльдер Наурызда қонақта» атты көңілді балалар музыкалық шоуы өтті.

Подробнее...  

Шуақты көктемнің басында Ақмола облыстық филармониясы нәзік сезімдерге, көктемгі көңіл-күйге, романтикалық әсерге толы болды. 15 наурызда «Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы» МКҚК-да филармонияның солист-аспапшысы Әлібек Ахмалишевтің жеке концерті өтті. Бұл іс-шара «Музыкалық кофехана» жексенбілік отбасылық музыкалық ойын-сауық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бағдарламаның алдына қойған басты мақсаты филармония көрермендерінің рухани-эстетикалық талғамын дамыту, отбасындағы қарым-қатынасты нығайту, жан-дүниең мен рухани тыныштығыңды қалыптастыруға ықпал ету, материалды емес мәдени құндылықтарымызға қолжетімділік, сонымен қатар мәдени мекеменің басты рөлі бұл салада азаматтардың еркін шығармашылық таңдау құқығын қамтамасыз ету және өз өңірінің мәдени өміріне қатысуға мүмкіндік  беру болатын. Көрермендерге дәмі тіл үйіретін бір шыны-аяқ кофені іше отыра, жанға жайлы, отбасылық ортада әдемі, жүректен шығып бойға тарайтын ғажайып сазды әуеннен ләззат алып, демалуларына таптырмас мүміндік берілді.

Подробнее...  

Көктемнің шырайлы да шұғылалы мерекесі қарсаңында «Көкшетау» МС-да 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған керемет концерт өтті. Концерт «Ода женщине» кіріспесімен басталды: П.И.Чайковскийдің  «Евгений Онегин» операсынан әдемі полонез аккордтары ойналып, Ақмола облыстық филармониясының бірлескен оркестрінің сүйемелдеуімен «Гәкку» би ансамблі (жетекшісі Гүлмира Ордабаева) мен Көкшетау техникалық институтының курсанттары жұп болып «Полонез» салтанатты би шеруін орындады.

Подробнее...  

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы – өңіріміздегі басты музыка ошақтарының бірі, құдіретті музыка өнеріне табынушылар кәсіби деңгейде орындалған шығармаларды тыңдап, музыка әлеміне сүңгиді. 22 ақпан күні «Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы» МКҚК-да Қазақстан мен Еуропа сахналарында солист-музыкант ретінде өнер көрсетіп, белсенді концерттік қызметін жүргізіп жүрген қазақстандық пианиношы Әсел Әбілсеитованың «Его Величество Рояль» атты жеке концерті өтті.

Подробнее...  

Ақпан айы Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық  филармониясының эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрінің бас дирижері, дарынды музыкант Ерназар  Таласпайұлы Уразалиннің 60 жылдық мерейтойына арналған концерттермен басталды. 1 ақпан күні концерт Петропавл қаласының Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясында, ал 2 ақпан күні  дирижердің туған жері  Көкшетау қаласында өтті.  Филармония залына  дирижердің өнеріне бас иетін табынушылары мен кеш қонақтары, әдемі  ән-жырды бағалаушылар жиналды.

Подробнее...  

2018 жылғы 25 қаңтарда «Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы» МКҚК-да К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің керемет концерті  өтті.   Концерттік бағдарлама Кенжебек Күмісбековтің қайталанбас ғажап туындысы «Дала сыры» шығармасымен ашылды. Тыңдармандар дирижер «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаров жетекшілік еткен оркестрдің орындауындағы бұл композицияны жан дүниелерімен беріле тыңдады. Оркестрдің орындауында С.Құсайыновтың «Мереке» шығармасы да халықтың назарына ұсынылды.

Подробнее...  

«Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы» МКҚК «Туған жер» арнайы жобасының «Рухани жаңғыру» ішкі бағдарламасының «Өңірлік мәдениет, дәстүрлер мен құндылықтар» негізгі жобасын іске асыру барысындағы қызметін белсенді жалғастыруда. Үстіміздегі 2018 жылы «Көкшетау – тал бесігім» классикалық және халық музыкасының V музыкалық фестивалі, «Ғасырлар үні» өңіраралық фольклорлық-этнографиялық фестивалі, «Гәккулеткен, аққу жеткен – Көкшетау» өңіраралық фестивалі сынды көлемді 3 фестивальді өткізу жоспарланып отыр.

2018 жаңа жыл қарсаңында Ақмола облыстық филармониясының «Мюзикл» театралдық студиясының әртістері келе жатқан ит жылына арналған «Күшіктің жаңа жылы» атты қызықты, осы заманға сай ертегіні ең жас көрермендеріне тарту етті. Қойылымдар 21 желтоқсаннан бастап 30 желтоқсан аралығында өткізілді. Бұл мереке кезінде таңғажайыптар болатынына сеніп, тосатын жас көрермендеріміз қойылым барысында жақсылықтың жамандықты қалай жеңгені баяндалатын қызықты оқиғаны тамашалады.  

Ертегінің басында актерлар балалардың қазір сүйіп көретін Кит Чепманның туындысы «Щенячий патруль» мультфилімінің кейіпкерлері образына еніп сахнаға шықты: Райдер -  тентек бала, Күзетші күшіктің командирі, әрі оны баулушы, ол қандай қиын, күтпеген жағдайларда да тез шешім қабылдай алатын, жоғары технологиялық құрылғыларды жетік меңгерген маман.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 314 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр