2018 жылы  «Бір белдеу,  бір жол» бастамасы өзінің  5 жылдық  мерейтойын тойлауда, бұл әлемдік  қоғамдастықтардың назарын өзіне қаратқан үлкен оқиға.   Осыған байланысты Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әртістері: «Айнакөл» фольклорлық ансамблі, жетекшісі Жұлдыз Жүзбаева, «Гәкку» би ансамблі, жетекшісі Гүлмира Ордабаева  және филармонияның жетекші әншісі Аягөз Қалмағанбетова  2018 жылдың  26-29 желтоқсаны аралығында Қытай Халық  Республикасында өткізілетін «Бір белдеу,  бір жол» бастамасының 5 жылдығына  арналған концертке қатысты. Сапар «Қазақ әуендері» АҚ-ның  қаржылық  қолдауының  арқасында іске асты.

Бұл шығармашылық ұжымдары кездейсоқ таңдалған жоқ. Концерттік  бағдарламада  14  композиция  орындалды.  Танымал  халық  әндері мен  Қазақстан композиторларының әндері,   қазіргі заманғы композиторлардың шығармалары мен күйлері, халық шығармашылығы,  сонымен қатар Қазақстанның  хореографиялық   өнерінің даму жолы мен  тарихын бейнелейтін  би қойылымдары көпшіліктің назарына ұсынылды, әртістердің ұлттық нақыштағы костюмдері мен  музыкалық  безендірулері, әсем би қимылдары концертік бағдарламаны ажарландыра түсті.  Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы  ұжымдарының бұл концерті кәсібилік пен шығармашылық шабытқа толы  қанықты, ерекше концерт болғаны сөзсіз.

Онлайн кім

Қазір 322 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр