23 қазан күні Ақмола облысы әкімінің қатысуымен өткен Республика күніне арналған салтанатты іс-шараның концерттік бөлімінде Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары:

К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, «Гәкку» би ансамблі, бірлескен хор, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Эльмира Төлеубаева, «Мәдениет қайраткері» Жанат Есов, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары: Талғат Галеев, Серікболсын Бекмолдин, Аякөз Қалмағанбетова, Бекұлан Ерболатұлы, Мерғали Хамит, Өмірзақ Шешханұлы, Ақтілек Дюсебаева, Зәмзәгүл Смағұл өнер көрсетті. Салтанатты іс-шара барысында ел дамуына зор үлес қосып келе жатқан облыс азаматтары марапатталды. Олардың ішінде филармония әншісі Эльмира Төлеубаева «Ерен еңбегі үшін» меділімен наградталды.

На сайте

Сейчас на сайте 185 гостей и нет пользователей