26 мамыр күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Любимые и легендарные» жобасы аясында аты аңызға айналған «Ласковый май» тобының шығармашылығына арналған «Белые розы»   концерті өтті. 

Көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері — «Мәдениет қайраткері» Ерназар Уразалин. Дирижер-аранжирлеуші — Алихан Идрисов.

Кеш көрермендерді 80–90 жылдардың сағынышқа толы атмосферасына жетелеп, бір дәуірдің символына айналған әндермен қайта қауыштырды.   Бағдарламада филармония әншілері эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің  сүйемелдеуімен «Ласковый май» тобының «Седая ночь», «Майский вечер», «Старый лес», «А я так жду», «Про белые розы», «Глупые снежинки», «Не спорь со мной», «Звёздная ночь», «Запиши мой голос на кассету», «Забудь его, забудь», «Детство», «Не бойся», «Розовый вечер», «Белые розы» сынды танымал әндерін орындап, көрермен қошеметіне бөленді. Уақыт сынынан өткен бұл шығармалар көрермен жүрегіндегі ыстық естеліктерді жаңғыртты. Жанды музыка, әсерлі ән мен би өнері үйлесім тапқан бұл кеш көрерменге сағыныш пен сырға толы ерекше эмоция сыйлап, «Ласковый май» шығармаларының халық жадындағы мәңгілік орнын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Онлайн кім

Қазір 600 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр