10 тамыз күні Көкшетау қаласының көркем көлінің жағалауында ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған ерекше іс-шара өтті. «Абай әлемі» атты мәдени шара 7 бірдей аймақты қамтып, ұлы тұлғаның шығармашылығы мен өмірінің барлық қырларын ашып, көпшілікке таныстыруға мүмкіндік берді.
Шараның басты мақсаты – Абайдың бай мұрасын жаңғырту, оның философиялық ойларын, поэзиясын, және музыкалық шығармаларын насихаттау болды. Іс-шараға Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының кәсіби ұжымдары: К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, камералық хор, «Гәкку» би ансамблі мен талантты әншілері де қатысып, Абайдың асыл әндерінен жинақталған тың концерттік бағдарламасын көрермендердің назарына ұсынды. Сахнада орындалған әрбір ән, әрбір сөз – Абайдың терең философиясын, оның адамгершілік, махаббат, табиғат және қоғам туралы ойларын жеткізді. Көрермендер Абайдың шығармашылығымен тереңірек танысып, оның мәңгілік құндылықтарын сезінді. Шара барысында ұйымдастырылған көрмелер мен әдеби-музыкалық қойылымдар да көпшіліктің көңілінен шықты. Абайдың 180 жылдығына арналған бұл мәдени іс-шара – тек ұлы ақынды еске алу ғана емес, сонымен қатар, оның бай мұрасын жастарға жеткізу, ұлттық мәдениетімізді дәріптеу, және Абайдың адамгершілік, білім мен ғылымға деген құштарлығын насихаттау болды. Көкшетау қаласының жағалауында өткен бұл кеш – жүректерге жылу, ойларға тереңдік, және рухани азық сыйлаған ерекше сәт болды.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/47-top-stories/zha-aly-tar/1048-abaj-lemi.html#sigProIded9b1ad1da