17 маусым күні камералық хордың көркемдік жетекшісі әрі хормейстері, «Мәдениет саласының үздігі» Галина Колесникованың мерейтойына арналған «Вечер хоровой музыки» концерт өтті.
Кеш барысында көрермен назарына камералық хордың орындауында қазақ, шетел және заманауи композиторлардың шығармаларын біріктірген мазмұнды әрі жан-жақты бағдарлама ұсынылды. Сахнада Абайдың, Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың, Сейдолла Байтерековтың, Шәмші Қалдаяқовтың, Франц Шуберттің, Арно Бабаджанянның, Максим Дунаевскийдің және өзге де авторлардың туындылары шырқалды.
Әсіресе, a cappella форматында орындалған шығармалар мен филармония солистері, симфониялық оркестр және «Гәкку» би ансамблінің қатысуымен ұсынылған бірлескен нөмірлер көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Жарқын музыкалық образдар, жоғары орындаушылық шеберлік пен жанрлық әралуандылық көрерменге ерекше әсер сыйлап, зор қошеметке ие болды.
Концерт хор өнерінің мерекесіне айналып, бір сахнада дарынды музыканттар мен академиялық музыканың жанашырларын тоғыстырған тағылымды мәдени кеш болды.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/1267-vecher-khorovoj-muzyki.html#sigProIdcfa14153c4

