Еліміз үшін мәртебесі биік, маңызы зор айтулы мерекелердің қай кезде де орны ерекше болған.

Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт өмірімізді қас қақпай күзетіп, ел қорғаны болып жүрген ұлттық әскерімізге, абзал азаматтарымызға деген халықтың ыстық ықыласы, алғысы мен құрметі шексіз. Осыған орай, Отан қорғаушылар күні аясында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары бірқатар концерттік бағдарламалар ұсынып, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. 6 мамыр күні Облыстық сот қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады. Бағдарламада «Орда» этно тобы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Эльмира Төлеубаева, Аманғали Жұматаев, Инара Мукушева, Алтынбек Бектемір, Алан Бектеміров өнер көрсетті. Концертте патриоттық рухтағы әндер шырқалып, ел қорғаған ерлерге деген құрмет пен ризашылық сезімі көркем түрде жеткізілді. Мерекелік концерт ұлттық рухты көтеріп, көрермен көңілінен орын алған тағылымды мәдени шараға айналды. 7 мамырда Бурабай баурайында орналасқан «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде концерт берді. Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламаға Халықаралық байқаулардың лауреаты «Гәкку» би ансамблі, «Айнакөл» фольклорлық ансамблі, «Мәдениет қайраткері» әрі «Халық алғысы» медалінің иегері Жанат Есов, «Мәдениет саласының үздігі» Ләззат Едрисова, Республикалық байқаулардың лауреаттары: Марина Зяблинцева, Алла Беш, Инара Мукушева, Анастасия Волошина, Алтынбек Бектемір, Аманғали Жұматаев, Алан Бектеміров қатысып, көрермендер назарына ұлттық рухқа толы қанықты концерттік бағдарламасын ұсынды.

Онлайн кім

Қазір 111 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр