12 ақпан күні Көкшетау төрінде дәстүрлі әнші, өнертанушы Сәрсенбай Хасеновтің авторлық жобасы аясында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетімен бірлескен «Сал-серілер ән салған сұлу Көкше» атты концерті өтті.

Кеш қонағы: Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, өнертанушы Айгүл Байбек. Ұлттық мұрамызды жаңғыртып, асыл өнерімізді келер ұрпаққа жеткізетін бағдарламада Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері және магистранттары өнер көрсетіп, дәстүрлі ән өнерін асқақтатып, Арқаның ән мектебінің өкілдері: Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Біржан салдың өлмес мұрасы, жауһар туындыларын төгілте орындады. Сонымен қатар рухани кеш барысында «53 қыз», «Нақ-нақ» сынды сықақ-әзілге толы халық әндері мен қыз мұңын жеткізетін «Долана», Зұлқияның әні, Қорқыттың, Естайдың, Әбікеннің қоңыр күйлері, Жұмекн Нәжімеденов, Мағжан Жұмабаевтың поэзиясы оқылып, ақын-айтыскердің арнайы арнаулары мен таныстырулары, қош айтысулары орындалып тыңдарманын тәнті етті. Өнер сүйер қауым жас өнер иелерінің орындауындағы ұлттық мұраны ұлықтаған тамаша кештен ләззат алып, асыл өнерден сусындап, рухани байлыққа кенелді.

Онлайн кім

Қазір 74 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр