10 ақпан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Үнді әуендері» атты музыкалық кофехана өтті.

Жыл басында филармонияның шығармашылық ұжымдары Үндістанда өткен «Lakshminarayana Global Music Festival (LGMF 2026)» халықаралық фестиваліне қатысып, ұлттық өнерімізді әлемдік деңгейде паш етіп, репертуарын жаңа туындылармен толықтырған болатын. Ал осы жолғы музыкалық кофеханада гастрольдік сапарда жинақтаған музыкалық қазынасы мен тың репертуарын тыңдарман қауымның назарына ұсынды.

Кеш барысында шығыстың сырлы саздары, үнді әуендерінің нәзік иірімдері мен ырғаққа толы әсем композициялары орындалып, тыңдарманды өзгеше музыкалық әлемге жетеледі. Кеш шымылдығы «Шапағат» мемлекеттік наградасының иегері Аякөз Қалмағанбетованың орындауында Ж.Массненің «Король Лахорский» операсынан Каледа ариясымен ашылды. Халықаралық байқаулардың лауреаты, контратенор Батыржан Смаков Н.А.Римский-Корсаковтың «Садко» операсынан Үнді қонағының ариясын, Ж.Ф.Рамоның «Галантная Индия» операсынан Адарио ариясын орындаса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Жарқымбаева мен Мария Петрова Л. Делибтің «Лакме» операсынан Гүлдер дуэтін тамылжыта орындады. «Мәдениет саласының үздігі» Валерия Болиева мен халықаралық байқаулардың лауреаты Бекұлан Ерболатұлы камералық музыка ансамблі мен камералық хордың сүйемелдеуінде Ж.Ф.Рамоның «Галантные Индии» операсынан «Дикари» рондосын, Саида Сағди, Аманғали Жұматаев, Талғат Рашид Arijit Singh «Tum Hi Ho» туындысын орындап, көрермен қошеметіне бөленді. Ал «Гәкку» би ансамблі «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаеваның «Lakshminarayana Global Music Festival (LGMF 2026)» халықаралық фестиваліне арнайы дайындаған Л.Субраманиамның «Шанти прия» композиясына арналған 3 бөліктен тұратын хореогафиялық картинасын көрермен назарына тарту етіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Концертке Ольга Гергель, Наталья Грицаева (фортепиано), Жұмабике Омарова (скрипка), Алибек Ахмалишев (гитара), Руслан Мұхамеджанов (перкуссия) қатысты.

Онлайн кім

Қазір 104 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр