27 қаңтар күні филармония төрінде музыка әлемінің қос алып тұлғасы – композитор, педагог, Үшінші дәрежелі Сталиндік сыйлықтың лауреаты, Армян КСР және КСРО Халық әртісі Арно Бабаджанянның 105 жылдығына және кеңестік эстрада мен кино музыкасының дарабозы, композитор Александр Зацепиннің 100 жылдығына арналған эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің концерті өтті.

Бұл кеште классикалық музыка мен эстрадалық әуенді шебер ұштастыра білген Арно Бабаджанян мен кино өнеріне жаңа тыныс сыйлаған, есте қаларлық әуендері арқылы тұтас дәуірдің музыкалық келбетін қалыптастырған композитор Александр Зацепиннің жауһар туындылары сахна төрінен төгілді. Қос композитордың хитқа айналған танымал әндерін «Мәдениет саласының үздігі» Ләззат Едрисова, «Халық алғысы» медалінің иегері Жанат Есов, «Шапағат» мемлекеттік наградасының иегері Аякөз Қалмағанбетова, республикалық байқаулардың лауреаты Серікболсын Бекмолдин, Алла Беш, Марина Зяблинцева, Саида Сағди, Арай Букаева, Аманғали Жұматай,Алтынбек Бектемір, Алан Бектеміров, Анастасия Мельник, Инара Мукушева көрермен назарына ұсынды. Концерттік бағдарламада камералық хор (хормейстері «Мәдениет саласының үздігі» Галина Колесникова), «Гәкку» би ансамблі де (жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева) өнер көрсетіп, көрерменге әсерлі музыкалық кеш сыйлады.

Онлайн кім

Қазір 117 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр