2025 жылғы 15 желтоқсанда Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары Көкшетау қаласынының «RIO 2» сауда орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Іс-шара аясында филармонияның «Айнакөл» фольклорлық ансамблі (жетекшісі — Мадиар Абай), «Гәкку» би ансамблі (жетекшісі — «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева), сондай-ақ филармонияның жетекші солистері өнер көрсетті. Концерттік бағдарламаға «Мәдениет қайраткері», «Халық алғысы» медалінің иегері Жанат Есов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Эльмира Төлеубаева, Саида Сағди қатысты. Филармония ұжымының бұл іс-шараға қатысуы жаңа сауда орталығының ашылу салтанатына мазмұнды мәдени сипат беріп, қалалық қоғамдық кеңістіктегі маңызды оқиғаның көркемдік деңгейін арттырды. Ұсынылған бағдарлама ұлттық музыкалық және хореографиялық өнердің кәсіби деңгейін көрсетті.
https://fil-akmol.kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej/1138-rio-2.html#sigProId0e2c938b48

