Ақмола облысы мәдениет ​​​Государственное коммунальное

басқармасының  жанындағы ​​казенное  предприятие​

«Үкілі Ыбырай атындағы ​​​«Акмолинская областная​

Ақмола облыстық филармониясы»    ​филармония имени Укили

мемлекеттік коммуналдық​​​Ыбырая» при управлении​

қазыналық кәсіпорны​​          культуры​Акмолинской области

​​​​​​​

«Квазимемлекеттік ұйымдардың комплаенс-қызметі 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетігі»

ХАТТАМА

22.01.2025ж.                                        №1                            Көкшетау қ.

КҮН ТӘРТІБІ

     Квазимемлекеттік ұйымдардың комплаенс-қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетігі

ТЫҢДАЛДЫ: А.С.Курмангожин 

       Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар туралы айтсақ, сыбайлас жемқорлық қылмыс  жасағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды квазимемлекеттік секторда жұмысқа орналастыруға тыйым салу, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді ашу міндетін заңнамалық деңгейде бекіту енгізілгенін атап өтеміз. 

     ​Қазіргі уақытта облыстың квазимемлекеттік секторында комплаенс-қызметті 100% енгізу қамтамасыз етілді. Түпкі мақсат - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс шынымен де жұмыс істейтін механизм және ұйымның корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі болу.

Комплаенс-қызмет жұмысының басты қағидаты - оның офицерлері тәуелді болмауы және өз ұйымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сіңіріп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау болып табылады.

    ​Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» Жолдауында корпоративтік басқару бүгінде қосымша бюрократиялық рәсімге айналғанын және жақсартуды талап ететінін атап өтті. 

   ​Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оның алдын алудың заманауи әдістерін қолдану квазимемлекеттік сектордың өзекті міндеттері болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі ұйымдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралдарының бірі, сондай-ақ енгізуден талап ететін күрделі және кешенді жоба болып табылады. Комплаенс-қызметі жұмысының сапасына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдауларға келетін болсақ, уақыт жеткіліксіз болғанын, болашақта түзетілуі қажет кейбір кемшіліктер бар екенін атап өткен жөн.

    ​Әрине, үздік халықаралық тәжірибелерді есепке ала отыра, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жыл сайын жүйелі бола түсуде, құралдар жинағы кеңейіп келеді, ал азаматтар арасында да, мемлекеттік қызметкерлер арасында да сыбайлас жемқорлықтан бас тарту жыл сайын артып келеді. Дегенмен, бұған тоқталмай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство сыбайлас жемқорлықты уақтылы болдырмау әдістерін дамытуды және жетілдіруді жалғастыруда.

    ​Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлемдік озық стандарттарды енгізу жалғасуда. Соның бірі - Мемлекет басшысының корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты енгізу және тұрақты белсенді пайдалану болып табылады.

Міндеттерді жүзеге асырудағы адалдық, парасаттылық мызғымас стандартқа айналуы тиіс, бұл туралы халықаралық ұйымдардың бірқатар ұсыныстары айтады. Комплаенс қолдану тәжірибесі халықаралық деңгейдегі корпоративтік секторда кеңінен дамыған. Комплаенс мамандарының негізгі міндеттерінің бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, ұйымның іскерлік беделін қорғау. Ең маңызды басымдық – алдын алу, жұмысқа қабылдау кезінде бақылау, қызметкерлерді корпоративтік оқыту, істерді талдау, контрагенттер мен тұлғалардың үлестестігін тексеру. Бұл үдеріс квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын заңнамалық енгізумен айтарлықтай жанданды, ол атқарушы органға қарамастан өз өкілеттігін жүзеге асырады.

   ​Квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің болуы міндетті, бірақ оған жеке бизнес те қызығушылық танытуда. Антикор мәліметтері бойынша, бүгінде Қазақстан бойынша 6 мыңнан астам квазимемлекеттік сектор мен жеке сектор субъектілері осындай комплаенс-қызметтерді енгізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі комплаенс-қызметтердің қызметін әдіснамалық сүйемелдейді, мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп тұрақты негізде практикаға бағытталған семинарлар өткізіледі.

Жалпы, сыбайлас жемқорлықты жоюда комплаенс-қызметтердің кең функционалды болғаны маңызды. Ол компаниялардың басшылығы үшін басымдықтардың бірі болуға тиіс, олардың мүдделілігі олардың қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін оларға жүктелген тәртіптік жауапкершілікпен ресімделеді. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті, мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан қаржыландырылатын, дербес құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес лауазымдарды атқаратын жобаларды іске асыруға жауапты квазимемлекеттік компаниялардың қызметкерлері де сыбайлас жемқорлық тәуекелдері субъектілеріне жатқызылған. Яғни, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне толық көлемде қабылдайды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қатаң жауаптылыққа тартылады.

    ​Комплаенс-қызметтерді енгізу және олардың жұмысы квазимемлекеттік сектор қызметкерлері тарапынан теріс пайдаланудың алдын алудың және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмаудың тиімді шарасына айналуда.

   ​Комплаенс рөлін күшейту үшін заңға түзетулер енгізу дайындалуда, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау сынды сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің басым функциялары айқындалатын комплаенс-қызмет туралы бірыңғай үлгілік ереже  әзірленуде. Бұған сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру, мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу, корпоративтік этикалық құндылықтарды дамыту және т. б. кіреді.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенске цифрлық технологияларды енгізу арқылы тезірек және тиімдірек анықтауға болады. 

  ​ Егер компания үлкен болса, бір адам бәрін тікелей   бақылап отыра алмайды және барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын ала алмайды. Бірақ егер бұл адамға сыбайлас жемқорлық қаупі бар күдікті оқиғаларды анықтауға арналған сандық құрал берілсе, ұйымда болып жатқанның бәрін қамтуға болады. Цифрландырудың мақсаты - белгілі бір стандарттар бойынша сезбектер  орнату, комплаенс-қызметіндегі бір адамның мың адам сияқты жұмыс істеуіне көмектеседі. Цифрландырудың арқасында процестерді қамту көлемі әлдеқайда көп.

   ​Квазимемлекеттік секторларында комплаенс-қызметтін енгізудің арқасында цифрландыру бойынша белсенді жұмыс та басталды. 

Жұмысқа қабылдау, келісімшарттарға қол қою бойынша конкурстар ашық бола бастады.

Отырыстың төрағасы​​​​​         Н.Шайкенова

Хатшы ​​​​​​​​         О.Кошманов

Онлайн кім

Қазір 47 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр