Құрметті достар, «Музыкалық кофехана» жобасы аясында «Le parfum musical de la France» дәріс-концертіне қош келдіңіздер!

Бүгінгі онлайн-концертіміздің бағдарламасында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының дәрісші-музыкатанушы Юлия Никитенконың қызықты танымдық дәрісін тыңдай отыра, филармония әншісі Аякөз Қалмағанбетованың (лирикалық сопрано) орындауында Францияның классикалық музыка мәдениетінің танымал туындыларын тыңдай аласыздар.

Подробнее...  

Сальваторе Адамо-талантты ақын, композитор, әлемге керемет "Tombe la neige" (Қар жауғанда) француз әнін сыйлаған әнші.

Автордың өзі бұл әнді 1963 жылы, он сегіз жасында жазған деп мәлімдейді.

Ән композитордың "63/64" дебюттік альбомына еніп, бірден тыңдармандардың махаббатын жаулап алды.

Подробнее...  

Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

Сіздердің назарларыңызға ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеу аясында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Сәрсенбай Хасеновтің «Тәуелсіздік тұғырым» атты жеке концертінің екінші бөлімін ұсынамыз. Концертке «Гәкку» би ансамблі (жетекшісі Гүлмира Ордабаева) мен «Айнакөл» фольклорлық ансамблі (жетекшісі Әнуарбек Файзуллин) қатысады.

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының барша тыңдармандарын онлайн-платформамызда көргенімізге өте қуаныштымыз, қош келдіңіздер!

Сіздердің назарларыңызға ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында филармонияның дәстүрлі әншісі Сәрсенбай Хасеновтың «Тәуелсіздік тұғырым» атты жеке концертінің 1 бөлімін ұсынамыз.

Подробнее...  

Еліміздің еркіндігі мен ұлылығының символы. Әрбір қазақстандық үшін мағынасы зор, маңызды мереке.2020 жылдың қазан айында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев  2021 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы деп жариялауға  шешім қабылдады.

Осыған байланысты, ағымдағы жылы барлық іс-шаралар Тәуелсіздік мерейтойы аясында өтеді .

Подробнее...  

«Diriger» сөзі француз тілінен аударғанда «бағыттау, басқару» дегенді білдіреді.

Подробнее...  

"Филармония өмірінен бір күн" апта сайынғы айдарымыздың кезекті шығарылымына қош келдіңіздер!Бүгінгі бейне-тарауымыздың қадірлі қонағы – Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншісі, «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері Гүлжан Ахметова.

Подробнее...  

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашысы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы.

Өзінің музыкалық жауһарларымен қазақ спектакльдерін, мультфильмдері мен көркем фильмдерін байытқан сегіз қырлы, бір сырлы жан.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 106 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр