2021 жылдың 14 наурыз күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Көрісу күніне арналған «Наурызым-нұрлы ырысым» атты концерт өтті.

Бұл мереке барысында  халық бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтап, үлкендерге құрмет көрсетіп, жақындарына жүрекжарды ізгі тілектерін білдіріп, амандық сұрасады.

Концерт филармония фойесінде өтті. Көрермендерге көтеріңкі мерекелік көңіл-күй сыйлайтын,  жарқын концерттік бағдарлама ұсынылды.

Подробнее...  

Классикалық гитара музыкасы саздылығымен, нәзіктілігімен және жан-дүниеңді баурап алатын сезімге толы әуезділігімен ерекшеленеді.
Құлақтан кіріп, бойды алатын сазды әуеннің эмоцияңызға қалай әсер ететінін байқаған боларсыз, кейде ол классикалық шығарманың ноталарындай не рок жанрындай құйылады. Музыка біздің сезімімізді сөзге қарағанда дәл жеткізе біледі.
Назарларыңызға гитарист-аспапшы Әлібек Ахмалишевтің «My melody» шағын концертінен шығармалар ұсынамыз.

Би мен музыканың үйлесім тауып, бір арнаға құйылуының арқасында туындаған  керемет туынды .
Бүкіл әлем бір биге сыйғызылып, дуэтте бейнеленген.
«Гәкку»  би ансамблінің әртісі  Жүкен Айдана мен «Мюзикл» театралдық студиясының әртісі Ташимов Асылбектің орындауында терең эмоциялық мағынаға толы таңғажайып  би.

 

Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

Назарларыңызға «Музыкалық кофехана» жобасы аясында 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне арналған дәріс-концертті ұсынамыз.

Дәрісші-музыкатанушы Юлия Никитенко.

Ана – кез-келген сәбидің бал тілінде ең алғаш айтылатын, мағынасы зор, құдіретті, әдемі сөз.

Өмірге ұрпақ әкеліп, отбасының береке-бірлігінің ұйытқысы болатын, одан асса, ауыл-ел ынтымағының жарасуына ықпал жасайтын асыл жан.

Ал бір афоризмде «Ана - махаббат сөзінің синонимі» деп көрсетілген.

Подробнее...  

Бүгін Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 74-ші концерттік маусым аясында алғашқы OFFLINE-концерт өтті.

Алғыс айту күніне орай өткізілген концерт бойы өзінің жылуы мен қошеметтерін сыйлаған біздің құрметті көрермендермен көптен күткен кездесу өтті.

Біздің қуанышымызда шек жоқ!

Подробнее...  

Қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктеткен, Қазақстанның музыка мәдениетінде аты аңызға айналған әйгілі күйшілердің бірі - Дина Нұрпейісова. Құрманғазының батасын алып, домбыра тартудың қыр-сырын меңгерген, «Домбыраның Жамбылы» атанған, он саусағынан бал тамған күйші қыз өмірінің соңына дейін қасиетті қара домбырасынан қол жазбаған. Күйшінің домбыра техникасын теңдессіз меңгеріп, қос қолмен бірдей домбыра шертудегі шеберлігін көргендер таң қалып, таңдай қаққан. Ал Дина Нұрпейісованың шығарған күйлері қазақ домбыра музыкасының классикасына айналды.

Подробнее...  

Жақсы дикция әр адамның өмірінде маңызды.

Ауызекі сөйлеу кезінде де, кәсіби салада да тиімді қарым-қатынас жасау үшін сауатты, әдемі сөйлей білу көптеген нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асады.

Дұрыс, сауатты сөйлей білу ауызекі тіл, іскерлік қарым-қатынас және жазу деңгейін арттыруға көмектеседі.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 43 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр