2021 жылғы 27  сәуір күні  Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында  Халықаралық би күніне арналған  «Гәкку» би ансамблі әртістерінің  жеке орындауында керемет концерт өтті.

Халықаралық би күні 1982 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның шешімімен заманауи балеттің негізін қалаушы, хореографиялық өнердің реформаторы және теоретигі, балетмейстер Жан-Жорж Новердің туған күні   29 сәуірде атап өтіледі.

Подробнее...  

Бір сиқырлы таяққа бағынып, бір үнмен қоздаған К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті өтті!  Таңғажайып ұлы музыканың сиқырлы сазынан құдіретті ештеңе жоқ. Солистен оркестрге дейін...Көрермендер назарына оркестріндегі әрқайсысының дара әртіс, нағыз өнер майталманы  екенінің дәлелі болып табылатын бағдарлама ұсынылды.

Подробнее...  

2 сәуір күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында дирижер "Мәдениет қайраткері" Ерназар Уразалинның жетекшілік етуімен "Мелодии прошлых лет" атты эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің концерті өтті. Концерт көрермендердің алғысы мен қошеметіне бөленіп, жоғары деңгейде өтті.

Подробнее...  

31 наурыз  күні сағат 1900  Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында  күйші, Қазақ КСР-ның халық әртісі Дина  Нұрпейісованың  160  жылдығына арналған   К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің «Әсем қоңыр» атты концерті өтті. 

Құрманғазыдай дәулескер күйшіден тәлім алған, «Домбыраның Жамбылы» атанған Дина Нұрпейісова өз заманында күмбірлеген күйімен көпшілікті аузына қаратқан. Домбыра тартудың қыр-сырын жетік меңгерген,  он саусағынан бал тамған күйші өмірінің соңына дейін қасиетті қара домбырасынан  қол жазбаған.   Күй анасы атанған Дина Нұрпейісованың  қос қолмен бірдей домбыра шертудегі өзіндік мәнеріне куә болғандар оның домбырада ойнау  шеберлігіне жоғары баға беріп, ойнау техникасын таңдана тамашалаған.

Подробнее...  

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола  облыстық  филармониясының   солист-аспапшысы Дмитрий Петюль көктемнің көрікті мерекесіне орай Сіздерге арнап  «Наурыз-Sax» атты кавер  сериясын дайындады.
Бүгінгі шығарылымда
Н. Алимжанов "Ақ құсым".

Наурыз - көктем мерекесі, күн мен түннің теңеліп, табиғаттың жаңарып, жасаратын, жаңа жыл мен жаңа өмір бастау алатын кез.
Қысқы ұйқыдан оянған табиғатпен бірге тіршілік атаулы да түлеп, жанданады, осы кезде күлімдеген күннің шуағынан нәр алған жүрегің ән салып, көңілің әдемі биді қалап тұрады.
Құрметті көрермендер, Сіздер үшін «Гәкку» би ансамблінің негізгі құрамы мен кіші және ортаншы топтары шуақты көктемнің шырайлы мерекесі - Наурыз мейрамына орай «Наурыз думан» атты хореографиялық қойылымын дайындады.
Жетекшісі Гүлмира Ордабаева.
Қабыл алыңыздар!
Наурыз құтты болсын!

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облысы филармониясының «Мәңгілік елдің мәртебелі Наурызы!» атты мерекелік концерті.

2021 жылғы 17 наурыз күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында жаңару мен жасампаздықтың бастауы «Әз Наурыз - ән Наурыз!» мейрамына арналған іс-шара өтті.

Бұл театрландырылған мерекелік қойылым солистердің қатысуымен филармония ғимаратының алдындағы алаңда орнатылған  киіз үй мен алтыбақанның қасында басталды. Алтыбақан тебуге жиналған  жастар, күліп-ойнап, әсем әндерімен даланы жаңғыртты. Ақан серінің «Ләйлім шырақ», Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» әндеріне қоса, «Сәулем-ай», «Аққурай», «Әдемі қыз» сынды  халық әндері де шарықтата шырқалды.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 20 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр