Би өнеріне құмар, барлық әуесқойлары үшін Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы «Заманауи би негіздері» бейне-сабақтар топтамасын ашады. Бейне-сабақтарды «Гәкку» би ансамблі өткізеді, жетекшісі Гүлмира Ордабаева.

Көрермендер назарына «Заманауи би негіздері» бейне-сабақтарының 1 шығарылымын ұсынамыз. Бұл бейне-сабақтар топтамасы сіздерге осы стильмен толығырақ танысуға мүмкіндік береді.

Подробнее...  

Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаев - 20 ғасырдағы қазақ әдебиетінің қалыптасуына зор үлес қосқан сыршыл, мұзбалақ ақын, жазушы әрі аудармашы.

Қазақ  поэзиясында өзіндік жарқын ізін қалдырған дарынды ақын қысқа ғана ғұмырында мыңнан аса туынды жазып, өлмес мұрасын қалдырды.

Ойы ұшқыр, қаламы жүйрік Мұқағали Мақатаевтың басты мұрасы - оқырмандары мен өнеріне табынушылары сүйіп жатқа оқитын жүрек тебіренткен лирикасы.

Подробнее...  

Құрметті көрермендер, назарларыңызға «Мюзикл» театралдық студиясының «Баршаға арналған риторика» атты жаңа айдарын ұсынамыз, бұл айдарымыз тілдік кедергілерді еңсеруге, неғұрлым анық және дұрыс сөйлеуге көмектеседі, себебі, дұрыс сөйлей білу  шешендік өнердің ең маңызды құпиясы болып табылады.

Айдардың әр шығарылымы сауатты таза сөйлей білу үшін белгілі бір шеберлікті дамытуға бағытталады.

Подробнее...  

Композиторлар Майк Чапман мен Холли Найттың шығармашылық одағы әлемге керемет музыкалық туындылар сыйлады, бірақ олардың ең үлкен жетістігі – «Тhe Best» композициясы болды.

Оның түпнұсқасын Бонни Тайлер орындады. Дегенмен, Тина Тернердің орындауында ән ерекше танымалдыққа ие болды.

Подробнее...  

12-14 ақпан аралығында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында шығармашылық ұжымдардың жетекшілеріне арналған «Мәдениет саласындағы менеджмент» практикалық семинары мен «Этнотерапия» тренинг жобасы өтті.

Спикер және жобаның авторы - «Мәдениет және шығармашылық бастамаларды қолдау қорының» құрылтайшысы әрі директоры, «Қазақконцерт» МКҰ-ның ұйымдастыру мәселелері бойынша директордың орынбасары, «SNECC entertainment» продюсерлік компаниясының негізін қалаушы, «Халық алғысы» мемлекеттік медалінің иегері Серік Нұрмолдаев.

Подробнее...  

«...патриотизм – керемет,
аса қажетті, ұлы сезім,
Ол Отанға деген сүйіспеншіліктен,
адалдықтан тұрады,
және өз игі ісіңмен
оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылу.»
(В.Пекелис)Сіздердің назарларыңызға «Егеменді Қазақстан» атты жаңа айдарымызды ұсынамыз. Мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосқан талантты әнші, классикалық және халық музыкасын дәріптеуші, «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері Мереке Бекмағамбетов бүгінгі айдарда танымал журналист, композитор және Ақмола өңірінің беделді ақыны Маман Ементаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, сыр шертеді.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында«Құлақтан кіріп, бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй» - демекші музыка мен поэзияның ортақ туындысы – әнсіз өмірді елестету мүмкін емес, әр кезде де ән көкейді кернеп, жүректі тербеп, өз тыңдарманын тауып отырған. Халық құдіретті ән өнеріне ерекше мән беріп, жаңғыртудан бас тартпаған. Жүздеген, мыңдаған әуендердің ішінен іріктеліп, халықтың аузында ең жақсы қалады. Ал Отан, Туған жер туралы әндер әрқайсымыз үшін де ыстық, жүрегімізге жақын. Олар бізді өткенмен байланыстырып, бүгінгі күні қуат беріп, болашақта өзімді жоғалтпауға көмектеседі.

Подробнее...  

«Рақмет, өнер сүйген қалпыңызға,
Бір дәстүр қанға сіңген халқымызда,
Қазақтың тууы да, өліміде ән,
Ән біздің сертіміз де, антымыз да!
Дем берер шаршағанда, шалдыққанда,
Әншіні сыйлайды елі сондықтан да!- деп, жырлапты Кеңшілік Мырзабеков.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 74 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр