26 қазан күні Ақмола облыстық филармониясының концерт залында өткен эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрінің концерті мерейтойлық 70-концерттік маусымның ашылуына орайластырылған бірқатар музыкалық кездесулерді әдемі қорытындылап шықты. Бүгінгі кешке де халық көп жиналды, көрермендер залы өнер сүйер қауымға лық толы болды. Осы жылдар ішінде филармония көптеген шығармашылық ұжымдарды, әншілерді, музыканттарды, дирижерларды өсіріп шығарды. Олардың бірі - «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері Ерназар Уразалин жетекшілік еткен эстрадалық –үрмелі аспаптар оркестрі.

Подробнее...  

20 қазанда Ақмола облыстық филармониясы көрермендерін тағы да концерт залына жинады. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және филармонияның мерейтойлық 70-концерттік маусымының ашылу аясында өткен К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концертіне танымал әнші Нұржамал Үсенбаева қатысты. Опера жұлдызы Көкшетау қаласына алғаш келіп отырған жоқ, ол әрдайым біздің шақыруымызды қабыл алып, табынушыларын әсем әнімен әлдилейді. Бұл жолы Қазақстан және Татарстан Республикаларының халық әртісімен бірге сахна төрінде «Астана Опера» театрының дирижері Руслан Баймурзин, «Астана Опера» солисі Талғат Гаеев, Астаналық қобызшылар квартеті: Олжас Құрманбек, Алмат Сайжан, Әділет Азбаев, Аян Омаров және облыстық филармонияның әншілері өнер көрсетіп, ақмолалықтарға өз шығармашылықтарын тарту етті.

Подробнее...  

18 қазанда Ақмола облыстық филармониясының қабырғасында өткен дүниежүзіне танымал скрипкашы Марат Бисенғалиевтың концертіне оның шығармашылығына табынушы ақмолалық көрермендер жиналды. Мерейтойлық 70-концерттік маусымның ашылу аясында филармониялықтардың өзінің сенімді көрермендеріне арнап дайындаған естен кетпес музыкалық сыйлығы болды. Бұл жарқын мерекелік кеш дүниежүзіне танымал, саусағынан бал тамған скрипкашы, жоғары деңгейдегі музыкант Марат Бисенғалиевтың құлшына біздің қаламызға келіп, филармонияың сахна төрінде концерт беруіне байланысты осы жылғы айтулы музыкалық оқиғалардың біріне айналды.

Подробнее...  

14 қазанда Ақмола облыстық филармониясының қабырғасында мерейтойлық маусымның ашылу аясында модераторы мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева болған дөңгел үстелдің отырысы болды.

Бүгінгі қызу пікірталас Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтың өмірі мен олардың өлмес мұрасы - шығармашылығы тақырыбында өрбіді. Қазақ халқының мәдени тарихында сал-серілердің алатын орны ерекше болғандықтан, олардың шығармашылығына деген қызығушылық екі жүз жыл өтсе де бәсеңдеген жоқ. Осы кезде халық ауыз әдебиетінің өзіндік үлгісі, музыкалық өнердің түпнұсқасы қалыптасты. Қазақ халқының рухани мәдениетін дамытып, байыту оның жалпы тарихи процесінің бір бөлігі.

Подробнее...  

13 қазанда сағат 15.00-де облыстық филармонияның концерт залында Ақмола облыстық филармониясының 70-мерейтойлық концерттік маусымының ашылу аясында «Гәккулеткен, аққу жеткен – Көкшетау» өңіраралық фестивалінің бірінші кезеңі өтті. Халқымыздың аяулы ақын ұлдары, ұлы композиторлар Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтың шығармаларын нақышына жеткізе орындайтын үздік орындаушыларды анықтап, еліміздің әр өңірінен жинаған бұл фестиваль - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 19 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр