Отыз бес жыл бұрын Көкшетау өңірінің мәдениетінде үлкен өзгеріс болды: эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестр құрылды. 2017 жылдың 16 қарашасында оркестр өздерінің мерейтойларын мерекелік концерпен атап өтті. Концерт басталмастан бұрын залда жылы атмосфера орнады: романтикалық әуен аудиторияны толтырды, құттықтауға келген жанкүйерлерлердің қызығушылықтары мен талғамы,  жас ерекшеліктері әр түрлі, бірақ оларды біріктіретін бір нәрсе болды: ол классикалық және джаз музыкасына деген махаббат пен оркестр ұжымына деген құрмет. Көрермендер  «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері Ерназар Уразалинмен бірге мерейтой иелерін қошеметпен қарсы алды. Концерттің басталуы ұлттық нақышта болды - тыңдаушыларға «Азия дауысы» А. Бестібаевтың шығармасы ұсынылды. Концерт барысында жүргізушілер эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрінің қалыптасу тарихы мен ерекшеліктерін атап өтті. Көптеген музыканттар оркестрде оның құрылған сәтінен бастап ойнайтынына ерекше назар аударған жөн: Евгений Субботин – тромбон, Қазбек Гумиров – бас гитара, Виктор Семенов – саксофон. Және көп жылдан бері оркестрде жемісті еңбек етіп келе жатқан: Рустам Жахин – тромбон, Илья Чаппаниди – труба.

Подробнее...  

5 қазан күні Ақмола облыстық филармониясында кезекті 71-ші концерттік маусымның ашылуы өтті. Концерттік ұйымның ағымдағы мерейтойлық маусымы елеулі оқиғадан басталады, ол ұжымның әрі қарайғы жұмысына өзіндік таңбасын қалдырып - облыстық филармонияға облыстық әкімдіктің қаулысымен қазақтың аяулы ақын ұлы, композиторы, жез таңдай әншісі Үкілі Ыбырай есімінің берілуі.

Подробнее...  

21 қыркүйек күні Ақмола облыстық филармониясында «Музыкалық кофейня» инновациялық жобасы аясында әдемі және әуезді романс пен ән кеші өтті. Халық сүйіп тыңдайтын, танымал романс жанрындағы әндерден құралған концерттік бағдарламада облыстық филармонияның барлық жеке әншілері  өнер көрсетті. Концерт филармонияның фойесінде өткендіктен, көрермендер үшін кештің форматы сәл өзгешелеу болды.

Подробнее...  

22 маусымда «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Ақмола облысының мәдениет күндері аясында Этноауылда өткен К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті мазмұны жағынан қанықты болып, өз көрермендерін жинады.  

Руслан Баймурзин жетекшілік еткен шеберлігі шыңдалған, дарынды музыканттардан жинақталған ұжымның сүйемелдеуінде ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Жұмекенованың  орындауындағы Е.Ибраһим мен Б.Сәуекеновтің «Көкшетау кестелері» шығармасы концерттің басталғанын жария еткендей болды. Ал оркестр Абылайханның «Шаңды жорық» шығармасын орындаған кезде көрермендер саны арта түсті.

Подробнее...  

20 маусымда  сағат 21.00-де «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі алаңындағы амфитеатрда Ақмола облысының мәдениет күндері аясында барша көрермендерді қазақстандық және шетелдік композиторлардың классикалық шығармаларымен, көздің жауын алатын би қойылымдарымен риза еткен «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты Ақмола облысының шығармашылық ұжымдарының гала-концерті өтті. Бұл концерттік бағдарламаның құрметті қонақтарының қатарында облыс әкімі Мәлік  Мырзалин, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко, мәжілісмен Владислав    Косарев, Ақмола өңірінің экс-әкімі Сергей Кулагин болды.

Подробнее...  

2017 жылғы 7 мамырда облыс орталығының Абылай хан алаңында Отан қорғаушылар  күніне арналған  дәстүрлі салтанатты іс-шара өтті. Қазақстан  армиясының күні ретінде  Тәуелсіз Қазақстанның  тарихына енген бұл күн осы жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толғандығымен де ерекшеленеді.

Подробнее...  

Үш күнге созылған «Көкшетау – тал бесігім» ІV музыкалық фестиваль марофоны 30 сәуір күні халықаралық байқаулардың лауреаты «Гәкку» би ансамблінің 10 жылдық мерейтойына арналған концертпен  шымылдығын жапты. Би өнерін қадірлеп сақтаумен айналысып, оны дамытып, байытып келе жатқан Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі Гүлмира Ордабаева ансамбльдің жетекшісі болып табылады. «Гәкку» би ансамблі жыл сайын өз көрермендерін қайталанбас жаңа би қойылымдарымен  қуантып, жадыраңқы көңіл-күй сыйлап келеді.

Кәсіби мәртебеге ие «Гәкку» би ансамблінің репертуры әр алуан. Бұл облыстық мәдениет колледжінің хореографиялық бөлімінің студенттері билейтін Көкшетау қаласындағы жалғыз ұжым.

Подробнее...  

26 сәуірде Ақмола облыстық филармониясының сахнасында «Көкшетау – тал бесігім» классикалық және халық музыкасының  ІV  музыкалық фестивалі «ОПЕРЕТТА» гранд-отелінің бес жұлдызды бағдарламасы» атты әдемі классикалық концертімен екінші күнін ашты. Опереттаны тамашалауға келген халық залға лық толды. Бес жұлдызды бағдарламаға қатысып, классикалық оперетта өнерінің қыр-сырын аша көрсете білген музыканттар мен әншілердің, «Мюзикл» театралдық студиясы әртістерінің шеберлігіне риза болған көрермендер ұзақ қол шапалақтап,  қатысушыларды қошеметке бөлеп жатты.

Челябі қаласынан келген  қоюшы режиссер  РФ еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Александр Мордасов, танымал дирижерлар: «Көкшетау – тал бесігім» фестивалінің  көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов пен Сергей Баукин, қоюшы режиссер  Болат Әбдірахманов, балетмейстер Гүлмира Ордабаева,  сахнаны безендіруші суретші Игорь Литасов сынды өзіндік ерекше қолтаңбасы бар өнерлі жандардың қоластынан шыққан туынды  көздің жауын алатын, өзара үйлесім тапқан, ғажап қойылым болды. Әрбір нөмірі,  әрбір бөлігі жүз ойланып, мың  толғанудың нәтижесінде сомдалған туынды  көптің көңілінен шықты.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 9 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр