Аякөз Қалмағанбетова – сахна мәдениеті жоғары, ішкі әлемі бай, шығармашылыққа адал орындаушы.

Аякөздің жауапкершілігі үшін, әрбір нөмірге шынайы ықыласпен қарайтыны үшін ерекше бағалаймын. Әрбір өнер көрсетілімінде ол музыкалық материалдың табиғатын нәзік сезініп, бейне мен көркемдік үйлесімділікті мұқият ойластырады. Репертуар таңдауынан бастап концерттік киімге дейінгі барлық детальге мән береді.

Аякөз филармонияның түрлі шығармашылық ұжымдарымен нәтижелі жұмыс істей отырып, сахнада мазмұны терең, көрерменге ой салатын дүниелер ұсына алады.

Оның шығармашылығына үлкен сенім артамын. Алда әлі де талай тың жобаларда көрерменге қуаныш сыйлайды деп үміттенемін.

Онлайн кім

Қазір 33 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр