Үкілі Ыбырай атындағы  Ақмола облыстық филармониясы   29 маусым күні сағат 19:00-де 74-концерттік маусымның жабылуы аясында «Көкшетау»     мәдениет сарайында   әлем     сахналарын бағындырып жүрген танымал әртістер:  Либуше Санторизова (Чехия, сопрано), Эцуо Дои (Жапония, тенор), Антуан Бернхейм (Швейцария, баритон), Коррадо Вальвоның (Италия, дирижер) қатысуымен симфониялық оркестрдің концертін көпшіліктің   назарына ұсынды.

Әлемдік сахна төрінде  өнер көрсетіп жүрген хас шеберлер филармонияның симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Джузеппе Верди, Петро Маскани, Г.Доницетти, Ж.Оффенбах, Ж.Массне және тағы    басқа да композиторлардың     әйгілі операларынан ариялар  мен сахналық қойылымдарды орындады.

Концертке қатысты:

Антуан Бернхейм – бас-баритон Швейцариядан шыққан, Женевада Nicole Buloze, Franz Petri и Gloria Davy-мен бірге ән айтуды үйренді және Gabriel Bacquier, José van Dam, Giacomo Arragall, David Rendall, Sena Jurinac, Annick Massis, Thomas Quasthoff, Cheryl Studer-дің шеберлерік дәрістерінің  арқасында өзін   тауып, даусын қалыптастырып баптады. 1994 жылы Leporello (Don Giovanni), Mustafà (l'Italiana in Algeri), Bartolo (il Barbiere di Siviglia), Dulcamara (L'Elisir d'Amore), Miracle (les Contes d'Hoffmann), Escamillo (Carmen), Renato (Un Ballo in Maschera), Marcello (La Bohème), Papageno and Sarastro (Die Zauberflöte)  сынды 60-тан астам түрлі рөлдерді орындады, сонымен қатар Швейцария, Италия, Франция, Германия, Чехия, Греция және Ресейдегі Gianni Schicchi, Falstaff, Don Pasquale и le Nozze di Figaro басты рөлдерін сомдады.

Чехиядан келген сопрано Либуше Санторизова жас кезінен бастап Италияда жас Рим опера театры бағдарламасының студенті ретінде өнер жолын (дебют) бастады. Ол «жас әртіс» бағдарламасы бойынша Италияда Mirella Freni и Renata Scotto -мен, содан кейін Нью-Йоркте    тағы  да Renata Scotto және     David Jones-пен бірге оқыды. Violetta в Traviata, Cio cio San в Madama Butterfly, Magda в Rondine, Donna Anna и Donna Elvira в Don Giovanni, Countess(Графиня) и Susanna в Nozze di Figaro, Mimi и Musetta в Boheme, Micaela в Carmen, Nedda в Pagliacci және   тағы  басқа   да    басты   партияларды орындады.  Ол Jose Carreras-пен бірге Қытайда және Нью-Йорктегі Карнеги холл мен Линкольн орталығында, Гамбургтегі Leitzhalle және Берлин филармониясы сынды атақты концерт залдарында өнер көрсетті.

Эцуо Дои  -  Жапониядан келген лирикалық тенор. Ол Don Ottavio (Don Giovanni), Nemorino (L 'elisir d' amore) Alfredo (La Traviata), Duca (Rigoletto) және Ferrando (Cosi fan tutte) сsyls опералық қойылымдарда тенордың басты партияларын орындады. Оның халықаралық театрлардағы соңғы сомдаған   көріністеріне Teatro Garibaldi (Лучера), Varna State(мемлекеттік) Opera (Варна, Болгария), Teatro Melina Mercouri (Салоники / Салоники, Греция), Моңғол ұлттық / мемлекеттік симфониялық оркестрімен концерт (Ұлан Батор) және Сан-Лео, Сан-Марино, Таламелло, Серавалле және Новафельтриядағы Montefeltro фестивалі кіреді.

Коррадо Вальво -  итальяндық дирижер, пианист және композитор. Веронадағы Ф.Э.Далл'Абако консерваториясының фортепиано факультетін, Санта-Чечилия (ИТ) Рим консерваториясында оркестрді дирижерлау және Миландағы Джузеппе Верди консерваториясында вокалдық камералық музыканы (ИТ) тәмамдады. Р.Бониндждің жетекшілігімен ол Г.Солти атындағы  репертуар және опера дирижерлері  академиясына қатынасады. Қазіргі таңда ол Сарасота Опера театрында (АҚШ) дирижер Виктор Деренцидің көмекшісі.

Коррадо Вальво Orquesta Sinfónica de Estado de México, Солтүстік Чехияның филармониялық оркестрі, Бруклин метро Камералық оркестрі (Нью - Йорк), Санта-Чечилия консерваториясының академиялық оркестрі, Севилья Мемлекеттік симфониялық үрлемелі оркестрі, Мәскеу камералық оркестрі (RU), Загреб музыка академиясының оркестрі (Хорватия), Чуваш театрының Мемлекеттік Опера оркестрі, Мари-Эл театрының Мемлекеттік Опера оркестрі, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының оркестрі және тағы басқа да  бірқатар кәсіби оркестрлермен жұмыс жасап,  дирижерлік етіп, тәжірибесімен бөлісті.

Онлайн кім

Қазір 383 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр